ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

512 көрілім

Қарашық ауылдық округінде ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2021 жылдың І-тоқсанында 98 құжат өткен, ІІ-тоқсанда-97, ІІІ-тоқсанда -95 ІV-тоқсанда-48 құжат өткізілген. Олардың барлығына 9 404 076 теңге төленді. Осы жылы І-тоқсанға -51 адамға жәрдемақы тағайындалды.

Ауылда тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға демеушілер есебінен 15 отбасыға азық –түлікпен және екі отбасыға қатты отынмен көмек берілді және жалғызілікті Нигаманова Флюраға демеушілер есебінен үйінің шатырын ауыстырып, есік алдын қоршап берді.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 19 азамат тартылды. Олар негізінен Қарашық, Құмтүйін, Қаратөбе елді мекендерін абаттандыруға, көкжелектендіруге, тазалық жұмыстарына тартылды. Жастар практикасына алты адам тартылып, қоғамдық жұмыстармен айналысты. Алты адам 3 млн 498 мың теңгенің қайтарымсыз грантын ұтып алып, өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елбасымыздың «Әрбір ауыл мен қала тазалықтың, көркеюдің, тәртіптіліктің, үлгісіне айналуы керек » деген сөзіне орай, тазалық денсаулық кепілі екенін жете түсініп, 7200 түп ағаш көшеті отырғызылды. Әр сенбі күні ауыл тұрғындары өз үйінің қас беттеріне сенбілік жұмыстарын жүргізуде.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2022 І-тоқсан 50 құжат өтті, ІІ-тоқсан-61 құжат өткізіліп тағайындалды.

Биылғы алты айда ауылда тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға демеушілер есебінен 11 отбасыға азық –түлікпен және 1 отбасыға қатты отынмен көмек берілді. Жастар практикасы- 5 адам жұмысқа тартылды. Алғашқы жұмыс орындарына – 8 адам жұмысқа жіберілді, (29 жасқа дейінгі жастар) әлеуметтік жұмыс орындарына – 11 адам жұмыспен қамтылды.

Ескендір ЕРТАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы