АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

373 көрілім

 «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі іске асыру және Жаңа Қазақстанды құру мақсатында Президент «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бюрократияландырудың негізгі прин­циптері – нысанның формадан басым­дығы, әдепкі цифр­ландыру, бас­қа­ру­шылық жауап­кер­­шілік, үздіксіз же­тіл­діру, рет­­­теудің оңтайлылығы. Қара­­па­­­йым адамға аса көп дүние қа­жет емес. Кез келген азамат өзіне қа­тысты мәсе­лені мемлекетке жет­кізгісі келеді. Ал сол туын­да­ған мәселелерді мемлекет, мем­­­­лекеттік ­аппарат қарапайым және тү­сі­нікті түрде түсіндіріп, мүм­­­кін­ді­гін­ше дұрыс шешім шы­­ғаруға дағ­ды­­лануы керек. Өйт­ке­ні халық соны қа­лайды.

Жарлықта жүйелі және қол­данбалы шаралар кешені көз­делгені қуантты. Оларды іске асыру мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдауды жедел­де­ту­ді, мемлекеттік органдардың бірін­ші басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арт­тыруды, құжат айналымы мен есептілікті қысқартуды қам­та­масыз етеді. Атап айтқанда, жүк­тел­ген міндеттерді іске асыруды жедел­дету үшін мемлекеттік ор­г­андарға өз функцияларын заң­на­малық деңгейде шамадан тыс нақтыламай, нормативтік құ­қық­тық актілерді қабылдау құ­қы­ғы берілетін болады.

Енді кешенді реинжиниринг негі­зін­де норма түзушілік және бюд­жет­тік процестердің мер­зімдері мен ке­зең­дерін екі есе қысқарту қамтамасыз еті­ле­тін болады. Сонымен қатар ведом­ст­в­олық есептілікті жүйе­леу және автоматтандыру; мемлекеттік органдар үшін ақпараттық жүйе­лер­дегі мә­лі­мет­терді сұратуға тыйым салуды енгізу; қағаз жү­зін­де бұрыштама қою­ды және құжаттардың әр парағына қол қоюды жою; өкілеттіктерді орта бас­­қарушылық буын деңгейіне беру; мем­лекеттік органдардың бас­шы­ла­рын қашықтан жұ­мыс істеу үшін құралдармен және өзге де жағ­дай­лар­мен қам­та­­ма­сыз ету мәселелерін іске асы­ру көз­деліп отыр.

Жарлыққа енгізілген шаралар мем­ле­кеттік қызметшілерді түпкілікті нәти­жеге әсер етпей­тін артық рәсімдер мен про­цес­тер­ден босатуға мүмкіндік бере­­ді. Сондай-ақ мемлекеттік аппа­рат­­тың Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын, «Әділ қоғам мен тиімді мемлекет» құ­ру­ды жүйе­лі іске асыруға бағыт­та­луын қамта­ма­сыз етеді.

Мемлекеттік аппаратта ше­шім­­дер қабылдаудың тиімді­лі­гі мен жеделдігін арттыру, атқарушы билік қызметінің ша­мадан тыс заңнамалық регла­мент­телуін болдырмау, құжат айна­лымы мен есептілікті қыс­қар­ту, мемлекеттік органдар бас­­шы­ларының дербестігі мен дер­бес жауапкершілігін арттыру мақ­сатында Үкіметке құзырет­тер­дің заңнамалық деңгейінде шамадан тыс нақтылаусыз, жүк­тел­ген міндеттерді іске асыру мақсатында мемлекеттік орган­дар­ға нормативтік құқық­тық актілерді қабылдау құқығын бе­ру­­­ді қамтамасыз ету тапсырыл­ды. Форс-мажорлық мән-жайларға және дағдарыстық жағдайларға жедел ден қою үшін нормативтік құқық­тық акті­лер­ді, оның ішінде оларды мем­ле­кет­­тік тіркеусіз қа­был­даудың ерекше тәр­тібін енгі­зу мә­селесі күн тәртібіне шы­ға­­рыл­ды.

Жоғалтатын уақыт атаулыны жалпы екі есе қысқарта оты­рып, бюд­жет және норма түзуші­лік про­цестердің кешенді реин­жи­­нирингін қамтамасыз ету; мәлі­меттердің анықтығын, тең түп­нұс­қалығын және өзектілігін қо­­сым­ша растап отырмай, тиіс­ті мемле­кеттік органдардың мем­ле­кеттік ақ­па­раттандыру объ­ек­­тілерінде орна­лас­­тырылған мә­ліметтерді пайдалану қажет­тігін айқындау керек. Мем­ле­кет­тік ақпараттандыру объек­ті­­лерінде орналастырылатын мә­лі­меттердің дұрыстығы мен өзектілігі және жалған мәлі­мет­терді пайдалануға байланыс­ты шығындар үшін барлық жауап­кер­шілік тиісті мемлекеттік ор­ган­­дардың басшыларына жүк­тел­мек.

Сондай-ақ Үкіметке екі ай мерзімде азаматтар мен бизнес неғұрлым талап еткен өмірлік және іскерлік жағ­дай­лар­ды қо­сып, оларға реинжиниринг пен ав­то­маттандыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік көрсе­ті­летін қызметтер тізілімін қалып­тас­­ты­ру тәсілдерін қайта қарау; аза­мат­тармен коммуникация және жедел ведомствоаралық өза­ра іс-қимыл мақсатында ашық кеңес­тер өткізу үшін қолжетімді онлайн сервистерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету тапсырылды. Заңнамалық акті­лер­ді, Президент актілерін, сон­дай-ақ құпиялылық белгілері және «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, Үкі­меттің регламентін және басқа да нормативтік құқықтық акті­лер­ді қайта қарау, оның ішінде: құ­жат­тар­ды қағаз түрінде ен­гі­зу­дің, олар­ға бұ­рыш­­тама қоюдың және әр пара­ғына қол қоюдың күшін жоюды қамтамасыз ету; Үкі­мет­­тің және басқа да мем­ле­­кеттік органдардың айрықша құзы­ретіне жататын қызметтің ағым­дағы мәселелері бойын­ша құжаттарды, сондай-ақ мүдделі мем­лекеттік органдармен алдын ала пы­сықтамай, мәселені мәні бойынша шешуді талап ете­тін мемлекеттік орган­дардың ұсыныстарын Президент Әкім­­­ші­лігіне енгізуге тыйым салуды ен­гі­зу; тікелей рәсімдерді қос­па­ған­да, орындалу мерзімі екі жұмыс кү­ні­нен кем болатын сұрау салулар мен тапсырмаларға тыйым салуды енгізу көзделді. Президенттің, Премьер-Минис­трдің, Мемлекеттік хат­шының, Президент Әкімшілігі Бас­шы­сы­ның және Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының тапсырмаларын; Премьер-Министрдің Кең­се­сінде құжаттарды қарау мер­зімдерін екі есе қысқартуға; мем­ле­кет­тік органдардың бірінші бас­шы­ларының мемлекеттік орган­дардың құрылымдық бөлім­ше­ле­рінің жекелеген басшыларына ұйымдық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қою құқығын беруге, сондай-ақ ведомствоаралық кеңес­терге мемлекеттік органның қаты­суына және көзқарасын біл­ді­руге мүмкіндік беруге; мем­ле­кеттік орган­дардың бірінші басшыларының жетек­шілік ете­тін орынбасарларына Премьер-Министрдің Кеңсесінде нор­ма­тивтік құқықтық актілердің жобаларын келісу құқығын бе­ру; мемлекеттік органдардың бі­рін­­ші басшыларының шешімі; кеңестер тағайындау мен өткізу негіздерін нақты регламенттеу жөнінде шаралар қабылдау қа­жет­тігі ескерілмек.

Осы шаралардың барлығы бюро­кратияға, сыбайлас жемқор­лық­қа, мем­лекеттік аппараттың жосықсыз жұ­мы­сына қарсы күр­есте мемлекеттің құ­қық қор­ғау әлеуетін күшейтеді. Бұл мәселедегі әділеттілік пен теңдік – қоғамның жарқын болашаққа деген үмітін оятып отыр.

Марат БАШИМОВ, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы