Полиция қызметкерінің өмiрi мен денсаулығына қауiпті күш қолдану фактісі бойынша іс сотқа жіберілді

345 көрілім

Түркістан қаласының прокуратурасы учаскелік полиция инспекторының өмiрi мен денсаулығына қауiпті күш қолданды деген айыппен қала тұрғыны 1986ж.т. М.Матеновке қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында а.ж. сәуір айында Матенов өзінің жақын туысқандарының шақыртуымен оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін келген учаскелік полиция инспекторының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткені және кетпенмен соққы жасап қолын сындырып, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтіргені анықталды.
Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы күдіктінің жоғарыда аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-бөлігімен (билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты оған қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті күш қолдану) саралаған. Аталған бапта бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қаламызда осындай қылмыстық істердің алдын алу үшін Түркістан қаласының прокуратурасы қала тұрғындарына халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын  қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескертуде.

Қазіргі таңда азаматтардың құқықтық мәдениетін, саяси белсенділігін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Егемендіктің 25 жылында еліміз демократиялық бағытты басым ұстана отырып, құқықтық сауатты ел болуға ұмтылып келеді. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы да азаматтардың құқықтық сауатын көтеру арқылы қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды қадам деп есептейміз. Құқықтық мәдениет азаматтық қоғамдық сана мен әлеуметтік өмірде қоршаған ортаны танудан, зерттеуден, өзара құқықтық қатынастарға баратын түсініктердің қалыптасуынан көрінеді. Құқықтық тәрбие және құқықтық ­саясат мәселелері ең алдымен отбасы мен қоршаған ортадан басталады. Әр үйдегі ата-ана тәрбиесінің маңызды міндеті – жақсы азамат тәрбиелеу және олардың қоғамда өз орнын таба білуіне көмектесу. Бұл былай қарағанда оңай көрінгенмен ұлттық тәрбиені заман талабына сай ұштастыра білуді талап етеді.Жалпы құқықтық сана мен саяси сауаттылық дегеніміз тұлғаның қолданыстағы немесе қабылданатын құқық нормаларына көзқарасы, оларға баға беру мүмкіндіктері екені мәлім. Азаматтардың өзінің іс-әрекетінде құқық нормаларын басшылыққа алуы, оны терең түсінуі қабылдау дәрежесінен көрініс табады. Құқықтық сана мен мәдениет адам, азамат, қоғам, мемлекет мүддесіне сай келетін, олардың мақсат-мүдделерін қанағаттандыратын нормаларды қабылдау қажеттілігінің негізі болып табылады. Мемлекет неғұрлым құқықтық мәдениетті арттыруға ерекше мән берсе, құқықтық мемлекет ретіндегі өз міндеттері мен мақсаттарын еш кедергісіз жүзеге асыра алатындығына күмән жоқ. Осы мәселелерді автор егжей-тегжейлі қарастырған. Сондай-ақ құқықтық мәдениет қалыптасуы үшін, ең бастысы, сол елдегі азаматтардың құқықтары тиісті деңгейде қорғалып, заңның үстемдігін дәлелдейтін жағдай орнатылуы тиіс. Әрбір азамат өзінің бұзылған құқығын қорғай алатындығына сенімді болса, мемлекет үшін бұл үлкен жетістік. Дегенмен, елімізде әлі де болса, құқықтық сана, құқықтық мәдениет тиісті дәрежеде қалыптаса қойған жоқ. Көптеген азаматтарымыз заң саласында, құқық қорғау саласында қандай жаңалықтар болып жатқандығынан бейхабар. Олар өз құқықтарын білмеуі себепті қоғам өміріндегі маңызды салаларда артта қалушылық сипат алып, мемлекет дамуына кері әсерін тигізуде. Адам құқығын дұрыс түсінбеушілік нәтижесінде қарсы пікірлер қалыптасып, әлем қолдайтын заңнамалық актілердің кейбір жаңа мәселелері жүзеге аспай отыр. Мемлекет осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында азаматтарға өз құқықтарын түсіндіру, тиісті дәрежеде жеткізу шараларын жүргізіп отырады. Құқықтық мәдениетті арттыру үшін балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін адам құқықтары мен бостандықтары, мүдделерін қорғау мәселелері қозғалуы тиіс. Монографияда құқық қорғау органдары мен халық арасында өзара сенімді қарым-қатынас орнату, кейбір шараларды бірлесе атқару формалары жақсы қарастырылған. Мемлекетіміздің дамуы, өркендеуі, дамыған елдер қатарына қосылуы үшін құқықтық білімді, тәрбиені биік деңгейге жеткізу басты міндет екендігін автор терең талдау жасап көрсеткен. Автор құқықтық сана, ойлау мәнері, құндылықтар жүйесі, саяси сауаттылықты арттыру ұғымдарын өз тәжірибесі арқылы сипаттайды. Сонымен қатар құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. «Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты сезіну адам тұлғасының өсуіне алып келеді» дейді ол. Қазіргі кезеңде қоғамның демократиялық дамуы құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етуде. 

Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды.  Қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған “адам” деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және “адам” деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның жэне болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.

Қазіргі Қазақстандағы демократиялық мемлекетті нығайту үдерісіне құқықтық саясаттың әсер ету дәрежесін ғылыми тұрғыдан негіздеу үшін біздің елдің тұрғындарының құқықтық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қоғамдық-саяси құбылыс ретінде, сол байланыстар мен қатынастар жүйесіне енгізілгенін түсіну қажет.

Сонымен, құқықтық мәдениет дегеніміз не? Құқықтық мәдениет — әлеуметтік-саяси құндылықтарды нығайтатын құқықтық-саяси жүйедегі адамдардың шығармашылығының үрдісі мен нәтижесі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәдениет әлеуметтік тәжірибеге еніп, жалпы адамзаттық аспектілердің біріне айналған. Қазақстанның құқықтық мәдениетінің жасаушысы да, ұйымдастырушысы да — тұлға болып табылады. Құқықтық мәдениет қызметіндегі жеке тұлға құқық пен саясат саласын меңгерген, әрі Қазақстан мемлекеті мен оның қоғамына қатысты заңдық кәсіби этикадан тұратын құқықтық мәдениетті білу маңызды. Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетінің оңтайлы шешіміне жету үшін Қазақстан Республикасының құқықтық мәдениетінің құндылықтары мен жүзеге асыру ережелері зерттелуі тиіс. Сонымен қатар, құқықтық және әлеуметтік-саяси жүйені жаңалау барысында біз адамдардың жеке тұлғалығы мен ұлттық мәдени ерекшеліктерді ескеруіміз қажет.

Құқықтық мәдениетке мынадай кіреді: құқықтық сана-сезім, құ- қықтық психология, құқықтық идеология, құқықтық білім, құқықтық эмоция және құқықтық нигилизм мен зандық идеолизм. Қазақстанның құқықтық мәдениеті әлеуметтік-саяси болмыс феномені ретінде жекелеген және оқшауланған құбылыстардан тұрмайды, бірақ біршама тұтас құрылымды білдіреді. Бұл жүйенің компоненттері ретінде жеке компоненттерге тән интегралды қасиеттерді анықтайтын тұтастық. Қазақстанның құқықтық мәдениетін әлеуметтік-саяси феномен ретінде айқындайтын көрсеткіштер мен эмпирикалық индикаторлар жүйесін құру саяси зерттеу проблемасын шешудің тұжырымдамалық құралы болып табылады деп айтуға болады. Бұл жеке тұлғаның экономикалық еркіндігі, яғни, жеке шаруашылық қызметінің кез-келген саласымен айналыса алуы деген сөз. Бұл ұғымға тұтыну еркіндігі мен жекеменшікке қол сұқпаушылық та жатқызылады. Қазақстандық қоғамда құқыққа бағынудың белгілі бір дәрежесі, оның беделі, саяси-құқықтық жүйенің әрекетін қолдайтын немесе әлсірететін түрлі бағалаулардың, моральдық және әлеуметтік-саяси ұстанымдардың, әдет- ғұрыптардың белгілі бір жалпы билігі бар екенін айту керек. Саяси-құқықтық жүйені мақұлдаумен, бағалауға, сынға алуға және жүзеге асыруға байланысты дағдылар мен құндылықтардың осы жалпылығы қазақстандық қоғамның жалпы құқықтық мәдениеті ретінде анықталуы мүмкін. Бұл құқықтық мәдениет азды- көпті дамыған болуы мүмкін, ал оның жекелеген бөліктері бүкіл мәдениетке сәйкес әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Сонымен қатар осы жалпы құқықтық мәдениеттің негізгі қағидаларынан белгілі бір ауытқуларда кездесетіні де бар.

Демек, Қазақстандықтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының мазмұны негізінен құқық пен саясатты білуге тәуелді, бұған қоса оларға нақты саяси-құқықтық сенімділік берілуі мүмкін. Алайда, құқық пен саясатты білу заңды мінез-құлықтың шешуші факторы емес. Бұл факторларға тек жағымсыз санкциялар, құқықтық білім ғана емес, сонымен бірге қазақстандықтың әлеуметтік-спецификалық, әрқашан қолайлы емес объективті жағдайларындағы құқықтық қатынастарының қалыптасуына әсер ететін ұлттық мемлекеттік-құқықтық идеология кіруі керек деп есептейміз. Бүгінгі таңда ұлттық мәдени құқық пен құқықтық ділге деген қызығушылық артуда. Бұл құбылысты зерттеушілер батыс еуропалық философия тұрғысынан жан-жақты қарастырып жүр. Қазақстанның үлгісін құруда ұлттық құқықтық мәдениет пен мемлекеттік ерекшеліктер, құқықтық сабақтастық мәселелері тұр. Бүгінде құқықтық мәдениет үлгісі ұтымды құрылған Еуропадағы қоғам мен жеке тұлғалардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас мәдениетінің жоғарылығы: өмір сүру құқығы, еркіндік, жекеменшіктік, мемлекеттік басқаруда либерализм жүйесінің болуы айқын байқалады. Құқықтық мәдениет халықтық мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Қазақстанды модернизациялау мәселесі құқықтық мәдениеттің әдіснамалық тәсілдерінен бастау алады.

Қазақстанның модернизациялау қағидаларының болашағын қалыптастыру алдымен, азаматтық қоғам қағидаларының қалыптасу деңгейі мен дайындығына байланысты болады деп есептейміз. Тәжірибеден өткен тарихи еуропалық қағидаларды енгізу мәселені жеңілдеткенмен, Қазақстан халқы үшін шешім бола алмайды. Осылайша, Қазақстанның құқықтық мәдениетін модернизациялауды азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мен тұлғалардың қоғам өміріне араласуынан бастау керек. Құқықтық мемлекеттің ең басты элементі — еркіндік құқығы болып табылады. Қайта өрлеу кезеңінен кейін азаматтардың тек жеке бас бостандықтары ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік топтардың бостандықтары да жапа шеккен болатын. Сонымен, Қазақстанның құқықтық мәдениеті қоғамдық-саяси құбылыс ретінде күрделі құбылыс, әмбебап, ерекше және жеке тұлғаның белгілі бірлігі болып табылады. Қазақстандықтарға әсер етудің жалпы механизміндегі әр элементтің тиімділігі факторларға, соның ішінде уақытқа, әлеуметтік-саяси кеңістікке, экономикалық жағдайға, саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Бұл механизмнің әр компоненті әрбір қазақстандық және тұтастай алғанда қазақстандық қоғамның санасы мен құқықтық санасына әсер ететін, анықтаушы элемент бола алады. Қазақстанның құқықтық мәдениетінің күрделі құрылымы туралы айта отырып, осы ұғымның жеке деңгейде ғана емес, сондай-ақ жекелеген кәсіби топтарға, әлеуметтік топтарға, мемлекеттік және қоғамдық органдар мен мекемелерге де қолданылатынына назар аударған жөн. Мысалы, Қазақстанның мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық мәдениетін бағалау және харакеристика үшін заңдылықты сақтау, билікті асыра пайдалануды жою, құзыреттілік, іскерлік, басқара білу, еліміздің азаматтарының заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етуге кепілдік беру және т. б. аса маңызды мәнге ие болады. Қоғамдағы мәдени қарым-қатынастардың басым көпшілігі заң арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Заң — мәдениетінің негізгі мақсат-мүддесін анықтап, оның орындалу бағыттарын реттеп отырады. Заңның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін — заңға тәуелді нормативтік актілер. Сондықтан құқықтық мәдениетті дамыту үшін мемлекет барлық басқарушы аппараттың жұмысын жақсартып, нормалар мен құжаттардың дұрыс екеніне көз жеткізеді, қоғамдағы мәдени процесті реттейді.

Жоғарыда келтірілген өзекті мәселелерді қарастыра отырып, біз тек әлеу- меттік-экономикалық құқықтың қалыптасуына ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық құндылықтарын ескере отырып, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына да ықпал ете аламыз. Қорытындылай келе, біріншіден, Қазақстан халқының құқықтық мәдениеті — бұл қазақстандық қоғамның кемелденуінің адамгершілік-әлеуметтік негізін құрайтын бастапқы айқындаушы идеялар, талаптар, ұстанымдар; екіншіден, Қазақстан Республикасының құқықтық мәдениетіне қойылатын негізгі талап қоғам мен жеке адамның әлеуметтік-құқықтық өмірінің сапасы мен деңгейін арттыру болып табылады деп айтуға болады. Бұл азаматтар мәртебесінің кепілдігін қамтамасыз етуде, Қазақстанның саяси билігі іс- қимылының келісімділігінде және болжамдылығында көрініс табуы мүмкін. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың құқықтық мәдениетінің пісіп-жетілген мәселелерін шешу тұтастай алғанда қоғамның бірігуіне және әлеуметтік прогреске, демократиялық, әділ қоғамның тұрақтылығына ықпал етуі маңызды.

Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады.  адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін қоғамғ қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады.

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он төрт жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.

Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі – адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық кұқылық шараларды реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II-бөлімі осы мәселеге тікелей арнаған. Конституцияның 1-бабында “Ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары”, – деп жарияланған.

Күнделікті өмірде қылмыс жасайды, қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей немесе қасақана заңдылықтың, құқық тәртібін бұзады. Соның нәтижесінде құқық бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, түлғаға зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс – бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатын адамдардың соның тұра анықтау қажеттілігі туындайды.

Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізімен шегін, олардың әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасынын

ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.

Жаңа Қылмыстық заңда қылмысқа бірігіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар) жекелеген іс-әрекет сипатайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген

Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.

Көптеген Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальді анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған материалды-формальді анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі.

Егер қылмыстың түсінігі формальді анықтамаға түсінік бере отырып қол сүғушылықтың құқыққа қарсы формальді белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалдық анықтамада формальді белгілерімен міндетті түрде материалды қоғамға қауіптілік, әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

Қылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік – қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым-қатынасқа нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік). Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға кауіптілік іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызуы белгілерімен сипатталанады. Заң атқарушы, егер қолсұғушылыққа тыйым салуды міңдетті түрде таба отырса, қауіп туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.Қоғамға қауіптілік – тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға зиян тигізеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы