СОТТАР АТҚАРУШЫ БИЛІК ПЕН ТӨРАҒАЛАРҒА ТӘУЕЛДІ

278 көрілім

Қазақстан Республикасының жоғарғы соты сот жүйесіне қойылатын 7 басты сын  туралы нақты атап өткен болатын. Соның ішінде “соттар атқарушы билік пен төрағаларға тәуелді” ұғымына тоқтала кетсек.

Атқарушы билікке тәуелді

Соттарды қаржыландырудың жаңа принципі енгізілді. Оның мәні: 2023 жылдан бастап барлық мемлекеттік аппараттың қажеттілігіне бөлінетін бюджеттің шығыс бөлігінің кемінде 6,5%-ын кепілді түрде сот жүйесі не бөлінетін болады. Қаржыны судьялық өзін-өзі басқару органы – Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы бөледі.

Өз төрағаларына тәуелді

Облыстық соттардағы төралқалар таратылды. Олардың құрамын бұрын төрағалар анықтайтын. 7 судьядан тұратын төралқа материалдарды Сот жюриіне жібере отырып, әріптестерін жазалауға бастама көтеретін. Енді мұны облыстық соттың барлық судьялары жасырын дауыс беру арқылы шешеді.

Бұрын төрағалар бірде бір рет қайта тағайындалмайтын, тек өңірлерді ауыстырып, лауазымында 20-30 жыл қатарынан отыра беретін. Енді олар ең көбі 2 рет қана (10 жылдан аспайды) тағайындала алады. Судьяның мансабын шешетін Сот жюриі мен Резерв жөніндегі комиссия Жоғарғы Соттан Жоғары Сот Кеңесіне берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы