КЕЗЕКТІ СЕССИЯДА 7 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

478 көрілім

Түркістан қалалық әкімдігінде мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтіп, онда 7 мәселе қаралды. Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров ашып, жүргізіп отырды.


Жиында «2021 жылғы бюджеттің атқарылуы», қала әкімдігінің бизнесті қолдау және туризм бөлімінің «Түркістан қаласындағы сауда обьектілерінде әлеуметтік азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесінің мөлшеріне профилактикалық талдау жүргізу жұмыстары» қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды бөлу жөнінде жұмыстардың барысы» Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2021 жылғы атқарған жұмыстары», Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №11/55-VІІ «Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекітуге келісім беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу» туралы қаралды.

Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №15/83-VІІ «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу», Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №40/226-V «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.


Жазира ЖАҚСЫБЕК
ХҚТУ-дің 3-курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы