ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

1  486 көрілім

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қолдау білдіру мақсатында облыстық насихаттық топ іске кірісті. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен құрылған жұмысшы топ “Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің” студенттерімен кездесу өткізді. Алғашқы болып сөз алған орта арнаулы оқу ордасының директоры Айдос Абпазов білімгерлерге Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, қонақтарға сөз ұсынды.


“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы әлеуметтік-экономикалық дамуға бастайтын жол. Тарихи құжатта келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақыларын көтеру керектігі айтылды. Ұлттық құндылықтардың жаңғыруы – ел өркендеуінің негізгі күші. Түрлі саланы қамтыған Президентіміз, білім беру жүйесінің жүзеге асырылуы қақындағы қарекеттерді ерекше атап өтті. Барлығы мына сендердің, жастардың болашақтарың үшін”, – деді Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының директоры Ержан Исатаев.


Жарыссөзге шыққан облыстық “Жастар ресурстық орталығының» директоры Береке Дүйсебеков, колледждің тарих пәні оқытушысы Бибігүл Абдуалиева, белсенді студенті Мақпал Абдумажит Жолдау жайында пікір білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы