САУРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

759 көрілім

Жол картасы аясында Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан 300 орындық мектептің жұмысын бақылау үшін “Amanat” партиясы Сауран аудандық филиалының жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Е.Арынов және Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері барып қайтты.

Партиялық бақылау жүргізу барысы Мердігер ЖШС “Азия”-RC компаниясының бөлім меңгерушісі А.Саметовтың тікелей қатысуымен өтті. Қазіргі таңда мектеп қабырғасын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа жергілікті адамдар тартылған. Сонымен қатар, құрылыс нысанындағы жұмысшылар арнайы жұмыс киімдерімен қамтылған және тиісті жағдай жасалған.

Құрылыстың жалпы көлемі 8094,42 м/2 құрайды және 1 мрд 181 млн теңге бөлінген. Мердігер ЖШС “Азия”-RC компания өкілінің айтуынша құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, нысанды тапсыру жоспарланған екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы