САУРАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ

808 көрілім

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Н.Атаева «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ауыл тұрғындарының өтініштері мен арыз-шағымдарын тыңдап, қоғамдық қабылдау өткізді. Жүйнек ауылының тұрғыны Н.Темирова М.Айтходжаев көшесінен ағып өтетін арықты Санъат Махмудова есімді ауыл тұрғыны жауып, тегістеп өз меншігі етіп қоршап алғандығын жеткізді. Қоршаудың қазығын қағып, жолды ашып беру мәселесі бойынша Н.Атаева тиісті мекемеге хат жолдап, мәселенің оң шешілуіне ықпал жасайтындығын жеткізді.


Келесі өтінішпен А.Мырзақасымқызы ұлының қазірде жұмыссыз екендігін жеткізіп, жұмысқа орналастырып беруін сұранды. Сонымен қатар, үй кезегі мәселесін қарастырып, әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін жеткізді. Облыстық мәслихат депутаты Н.Атаева үй кезегі заңға сәйкес берілетіндігін түсіндіріп, әлеуметтік көмек көрсетуге қарсы емес екендігін айтты.

Қабылдауға келген Ф.Алтишова тұрмысының төмендігін айтып әлеуметтік көмек көрсетуін сұрады. Алтишова Фариданың өтінішін қарап бір реттік азық түлікпен қамтамасыз етті. Әлеуметтік көмек алған тұрғындар облыстық мәслихат депутатына алғыстарын айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы