ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ АДАМДАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚҰРМЕТ ЕТУ

475 көрілім

Қауіпсіз еңбек жағдайлары – адамның негізгі құқықтарының бірі және «лайықты еңбек» ұғымының ажырамас бөлігі. Халықаралық еңбек ұйымы еңбекті қорғауды, еңбек стандарттарын, әлеуметтік диалогты, қызметкерлердің осал санаттарын әлеуметтік қорғауды дамыта отырып, лайықты еңбек қағидаттарын қалыптастырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындамау кәсіпорындардың экономикалық әл-ауқатына нұқсан келтіреді, оның тұрақты даму стратегиясына және жалпы алғанда ел экономикасына кері әсер етеді. Еңбекті қорғау сапасы, еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің жоғары деңгейі қызметкерге, жұмыс берушілерге және барлық деңгейдегі билік органдарына бірдей тиімді. Тек қауіпсіз еңбек қана лайықты жұмыс деп атауға лайық! Сондықтан, еңбекті қорғау еңбек міндеттерін орындау кезінде өндіріс процесінде жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігі мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті әрекеттерді жасау міндет.
Еңбек кодексінің 82-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші кәсіптік тәуекелді бағалауды және профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз жабдықтарға ауыстыру жолымен оны барынша азайту және алып тастау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Осы норманы іске асырудағы жұмыс беруші әрекеттерінің дәйекті алгоритмі мынандай: біріншіден, кәсіптік тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау. Екіншіден, технология мен жабдықтың қауіптілігі төмен және зиянды нұсқаларын таңдау арқылы кәсіптік тәуекелді төмендету немесе жою бойынша түзету шараларын жүргізу. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру еңбек жағдайларын жақсартудағы және әлеуетін толық пайдаланудағы экономикалық құрал болып табылады. Сақтандыру ұйымдары кез келген кәсіпорынның әр мамандығы үшін кәсіптік тәуекелдің индикаторын анықтауы керек. Осылайша, сақтандырудың сараланған тарифін белгілеу жұмыс берушілердің еңбек жағдайларын жақсартуға ынталандыруға оң әсер ете алады. Сондай-ақ, бұл жұмыс берушінің мүдделері (сақтандыру тарифін төмендетуге мүдделі), қызметкердің мүдделері (еңбекке қабілеттілікті сақтауға мүдделі), сақтандыру ұйымының мүдделері (сақтандыру төлемдерін төмендету) арасындағы өзара байланысты күшейтуге әкеледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы