АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ОҢ ІСТЕРГЕ БАСТАУДА

519 көрілім

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 370496 га құрайды. Оның ішінде суармалы – 44000 га, көпжылдық екпелер – 10527 га, жайылымдық жер – 312712 га, шабындық – 3257 га құрайды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің саны заңды тұлғалар – 67, іріленген шаруа қожалықтар – 246, жеке шаруа қожалықтар – 1506, жалпы саны – 1819 құрап отыр. Аудан аумағында 9 су қоймасы орналасқан. Олар Ақтөбе, Сасық бұлақ, Шерт, Қошқорған, Қосқорған-Кеңсай-2, Майдантал, Ойық, Шылбыр, Қарашық кіші суқоймасы.

Аудан бойынша 2021 жылы егіс көлемі 40958 га жер игерілсе, ағымдағы жылға 41200 га егістік жер игеріліп отыр. Атап айтқанда: күздік, жаздық бидай, арпа дақылдары – 3442 га, дәндік жүгері – 3281 га, майлы дақыл – 520 га, мақта – 12525 га, мал азықтық дақылдары – 13635 га, картоп, көкөніс дақылдары – 2593 га, бақша дақылдары – 5204 га. Мал азықтық дақылдарының ішінде ескі жоңышқа 9460 га құрайды. Қазіргі таңда, шаруалар бірінші орымды орып, мал азық қорларын жинауда. Сауран ауданы бойынша жалпы жер аумағы 32 га құрайтын 91 дана жылыжай бар. Одан 1 маусымда 4826 тн өнім жинақталып, Сауран ауданы мен Түркістан қаласын қамтамасыз етіп отыр.

Аудан бойынша 20,3 га қияр дақылы егілсе, одан 1319,0 мың тн өнім, 9,5 га қызанақ егілсе, 541,5 мың тн өнім, 1,2 га қызанақ егілсе, 62,4 мың тн өнім алынған, 1 га лимон жемісі күз айында өнімге кіреді. Қазіргі таңда, шаруалар жылыжайды 2-ші маусымға егуге жерлерін дайындауда.

Бұдан бөлек, Сауран ауданында ағымдағы жылдың 5 айында 3 инвеститциялық жоба жүзеге асырылды. Шаға ауылдық округінен «ОРГАНИК АгроФуд» ЖШС-гі жалпы көлемі 50 га жерге жоба құны 184 млн теңгеге 33000 дана қызыл өрік көшеті егілген. Сонымен қатар, осы аталмыш ауылдық округте «Агро-Жетістік 2020» АШӨК жалпы көлемі 190 га жерге жоба құны 400 млн теңгеге 10 бірлік жаңбырлатып суару жүйесі орнатылыпты.

Аудан бойынша мал басының саны мүйізді ірі қара – 102241, қой – 549892, ешкі – 44208, жылқы – 18 243, түйе – 3792, шошқа – 2386, құс – 149262 басты құрап отыр. Ал, өндірілген өнімдерге тоқталсақ, ет – 4 133,9 тонна, сүт – 15 288,4 тонна, жұмырттқа – 2335 дананы құрауда. Майдантал ауылдық округінің тұрғыны «ИС Жәңгір» ЖШС-нің директоры Сағи Жәңгірұлы жаңа технологияны пайдалану арқылы ағын суды өнемдеу және өнім көлемін 2-3 есе ұлғайту мақсатында 23 бірлік жаңбырлатып суару жүйесін Қытай елінен 368,0 млн. теңгеге сатып алып, 15 бірлігін Майдантал ауылдық округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы 325 га суармалы жерге орнатқан. Қазіргі таңда, жаздық бидай 150 га, бақша 25 га, жаңышқа 100 га, сүрлемдік жүгері 50 га егістік жерге егіп, жұмысын бастап кеткен. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Жібек жолы ауылдық округіне 200 га жерге 8 бірлік жаңбырлатып суару жүйесін орнату арқылы, мал азықтық дақылдарын егуге жоспар қойып отыр.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы