«НҰР-САРМАТТА» МАҚТАНЫҢ «СҰЛТАН» СҰРПЫ ЕГІЛДІ

626 көрілім

Сауран ауданына қарасты «Яссы» ауылдық округі, «Еңбекші Дихан» елді-мекеніндегі «Нұр-Сармат» ЖШС-нің басшысы Әбдіманап Абдураззақовтың шақыруымен мақтаның тез пісетін, ауруларға және зиянкестерге төзімді, ылғалдылықты онша қажет етпейтін «Сұлтан» сұрпы егілген мақта алқабында болдым. Ташкенттен келген мамандар Бахрам Юсупов пен Нуриддин Халмурадовтар биыл 75 гектар мақталыққа сәуір айында егілген, біртегіс өніп шыққан мақта талшығын мұқият қарап өз ұсыныстарын жеткізді.

– Биыл жауын-шашын көп болды. Жүйек аралары қатып қалған. Бұл мақтаның өсіп-жетілуіне едәуір кері әсерін тигізеді. Мақта алқабын қол күшімен жұмсарту қажет, – деді өзбекстандық мамандар. Бүгінде облыс орталығы Түркістан қаласында бір күнге 7000 теңге жұмыс ақы төленетін жұмыстар көп. Бірақ мақталықта жұмыс істеуге ешкімнің әуесі жоқ, – деді Ә.Абдураззақов.

Мамандар мұндай мәселені шешу жолын қарастырып, «Беларусь» тракторын пайдаланып жерді жұмсарту мүмкіндігін жеткізді. «Нұр-Сармат» ЖШС маманы Элмурад Утенов механизатор Абубакир Латиповқа нұсқамалар беріп, культиватор тіркемесі тіркелген трактор орнынан қозғалып мақталықты жұмсартуға кірісті. Мұнда ұқыптылық қажет, әрбір сантиметр есепте, қателік кетсе мақта талшығына зиян тигізеді. Қысқасы диханның еңбегі мен бейнеті көп. Өткен жылдан бері мақтаның бағасы алдыңғы жылдарға қарағанда өскен. Жұмсалған еңбек пен қаражат өзін ақтап отыр.

Өзбекстаннан келген мамандар мақтаның «Сұлтан» сұрпы Қашқадаря-Сурхандаря өңірлерінде әр гектарына 75 центнерден өнім беретінін, мақта комбайнда теру үшін қолайлығын, пісіп жетілу мерзімі де ойдағыдай екендігін айтып, оң бағаларын берді. Өткен жылдан бері «Нұр-Сарматта» мақтаның «Сұлтан» сұрпы егіліп, гектарына 40-45 центнерден өнім алған. Өнімділікті тағы да арттыру мүмкін. Мұның үшін нитратсыз «AMINOSID» препаратын пайдалану қажет. «AMINOSID» әлемнің оннан аса мемлекеттерінде, атап айтсақ Түркістан облысында да сәтті қолданылуда. Өнімділік те артып келеді. «AMINOSID» бау-бақша, жеміс-жидек өнімдерін өсіруде де кеңінен пайдаланылады.

Түркістан облысындағы, атап айтсақ Сауран ауданындағы мақташы дихандар үшін мақтаның «Сұлтан» сұрпы шитін және «AMINOSID» препаратын сатып алу үшін сұрақтар бойынша «Нұр-Сармат» ЖШС-нің басшысы Әбдіманап Абдураззақовқа немесе 8-701-455-64-77 ұялы телефонына хабарласуға болады.

Ш.МАДАЛИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы