ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТӨРТ БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛУДЕ

723 көрілім

Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2022 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары туралы мәліметтердің қорытындысы шығарылды. Бөлімде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 4 бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда, еңбек қатынастарын үйлестіру, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау және азаматтық хал-актілерін тіркеу болып табылады.

Сауран ауданы бойынша еңбек қатынастарын үйлестіру, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мәселелеріне тоқталар болсақ, қазіргі таңда Сауран ауданындағы жергілікті халықтың саны 105944 адамға жетті.

2021 жылдың статистикалық көрсеткіштеріне сәйкес, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 54255 адам. Олардың ішінде жұмыссыздар саны 2964 адам. Жалпы, аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны 25503 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 28752 адамды құрайды.

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАСАЛУДА

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету туралы мәселеге тоқталар болсақ, Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2022 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 582579,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 179749,0 мың теңге. кепілдірілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен 159402,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 524,0 мың теңге қаралды.

2022 жылдың екінші тоқсанында 486 отбасының 3049 адамына 32534,4 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төлем жүргізілді.

Оның ішінде:

– шартты түрі бойынша 452 отбасының 2860 адамына 29914,1 мың теңге,

– шартсыз түрі бойынша 34 отбасының 189 адамына 2620,2 мың теңге теңге төленді.

Ағымдағы жылдың маусым айында мамыр айының 32534,4 мың теңге төлемі жүргізілді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушы 2135 адамның ішінде еңбекке жарамды 610 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-3 жас аралығындағы 348 бала, 3-6 жас аралығындағы 399 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен, сонымен қатар, 1-6 жас аралығындағы 747 балаға тұрмыстық химия тауарлар жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 38 отбасына 1822,0 мың теңге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 8 адам тұрақты, 6 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты.

АҒА ҰРПАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТКЕ БОЛСА ДА ЛАЙЫҚ

Қазіргі таңда Сауран ауданында 7338 зейнеткер тұрады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері екеу. Соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер саны – 135, тыл еңбеккерлері – 315 болып отыр. Ауданымызда көп балалы аналар саны – 7117. Оның ішінде, алтын алқа иелері – 535, күміс алқа иелері – 1743, батыр ана – 144. Бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар саны – 276-ны құрайды. 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны – 4419.

Сауран ауданы бойынша мүгедектердің жалпы саны – 3315 адам. Оның ішінде, 1-топ-тағы мүгедектер – 270, 2-топтағы мүгедектер саны – 1226, 3-топтағы мүгедектер саны – 1197. 16 жасқа дейінгі бала мүгедегі – 531 болса, 18 жасқа дейінгі бала мүгедегі – 91.

Аудан деңгейінде 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге 400 жолдама бөлінген. Оның ішінде, «Ардагерлер» үйіне 200, «Мейір» ардагерлер үйіне 200 жолдамамен зейнеткерлер қамтылады. Ағымдағы жылдың 5 айында 162 ардагерлер демалыс орындарына жолданған.

Мүгедектерге мемлекеттік қызмет «Е-собес» АЖ жұмыстары атқарылды. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсетілетін 110 мүгедек бала есепте тұрады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін есепте тіркелген мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдарға 252 мүгедектен өтініш түсіп, 220 мүгедекке құралдар берілді. Мұқтаж мүгедектерді жаңадан енгізілген техникалық көмекші құралдарға 211 мүгедектен өтініш түсіп, оның 160 мүгедекке құралдар берілді. Протез-ортопедиялық құралдарға мұқтаж 169 азаматтардың өтініші тіркелді. Тифлотехникалық құралға мұқтаж азаматтардан 98 өтініштер тіркеліп, 60 азамат 60 құрал түрімен қамтамасыз етілді. Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге 214 азаматтардан өтініш тіркеліп, 182 азамат жолдамамен қамтылды.  Аудандық бюджет-тен адам иммун тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар 3 отбасыға баланы күтуге 74706 теңгеден барлығы 672,4 теңге ай сайынғы жәрдемақы төленді.

Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның кезекті мәжілісі өткізілді.

Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы №66 шешіміне сәйкес 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, 2606 көпбалалы анаға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 15 964 356 теңге бір реттік әлеуметтік төлем жүргізілді.

Сонымен қатар, 9-мамыр Жеңіс күніне орай, екі Ұлы Отан соғысының қатысушысына 1 000 000 теңгеден 2 000 000 теңге, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 162 азаматқа 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 12 405 150 теңге және 285 тыл ардагеріне 8 550 000 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем жүргізілді.

Пробация есебінде жалпы 37 азамат есепте тұрады. Оның ішінде 29 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атап айтқанда 13 азамат тұрақты, 8 азамат жүз сағаттық мәжбүрлі жұмыс, 7 азамат өздігінше жұмыспен қамтылғандар, 1 азамат жеке кәсібін ашқан. Сондай-ақ, тұрғылықты мекен-жайы ауыстырылған – 2 азамат, зейнеткер – 1 адам, жұмысқа жарамсыз мүгедек – 1 азамат, қайта сотты болған – 2 адам, 2 азамат жұмыстан бас тартқан. Сауран аудан әкімдігімен бекітілген 6 жұмыс орындар квотасы бойынша пробация есебіндегі 4 азамат жұмысқа орналасты.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 22 ТҮРІ КӨРСЕТІЛЕДІ

Сауран аудандық азаматтық хал актілерді тіркеу пункті, 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасымен жұмыс жүргізеді.

Нақтырақ айтатын болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы хал актілерін тіркейді. Атап айтқанда, 2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығында – туу туралы – 452, неке қию туралы – 2, оның ішінде шетел азаматтары – 1; қайтыс болу туралы – 109, оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар – 2 тіркелді. Сот шешімі бойынша неке бұзу туралы – 2; әке болуды анықтау – 14 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, күрделі істер, оның ішінде – түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы істердің саны – 45 жағдайы тіркелді.

Сонымен қатар, анықтамалардың саны – 58, қайталама куәліктердің саны – 91.

2022 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша жалпы құжат айналымының көлемі 1780 құрады. Оның ішінде кіріс құжаттарының саны – 1187, шығыс құжаттарының саны – 593. Қаңтар айынан бастап құжат айналымы толық электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) 100 пайыз жұмыстар атқарылуда. Жеке тұлғалардан 7 және заңды тұлғадан 2 өтініш тіркеліп, заң талаптарына сәйкес 8 жауап берілді.

Қазіргі таңда бөлім Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, бөлім 22 мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап жалпы 2042 мемлекеттік қызмет көрсетілген (тікелей бөлім арқылы – 531, электронды үкімет арқылы – 322, ХҚКО арқылы – 1189). Атап айтқанда, Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша – 511 қызмет; (тікелей бөлім арқылы – 43, электронды үкімет арқылы – 322, ХҚКО арқылы – 372 қызметі жүргізілді. Жекелеген санаттағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету саласы бойынша – 728 қызмет көрсетілді. Оның тікелей бөлім арқылы жүргізілгені – 136, ХҚКО арқылы – 817 атқарылды. Қалай болғанда да Сауран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті тұрғындардың сұранысын сапалы түрде қанағаттандырып, мемлекеттік қызметтерін абыроймен атқаруға зор көңіл бөлуде.

Д.АСЫЛБЕК, Сауран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы