САУРАН АУДАНЫНДА ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРАЛАР ОРЫНДАЛУДА

405 көрілім


«Amanat» партиясы Сауран ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында былтырғы жылы Ескі Иқан ауылында балалармен жасөспірімдерге арналған құны 416 млн теңгені құрайтын спорт мектебі пайдалануға берілген болатын.


Ал биылғы жылы Сауран ауданы, Бабайқорған ауылында спорт зал құрылысының жұмыстары бастау алды.Спорт залдың сметалық құны 194 млн теңге. Қазіргі таңда іргетасы қаланып, бетоны құйылды, іргетас қуысын жергілікті топырақтан толтырылып, электір желісі тартылуда сонымен қатар трансформатор қойылып, қабырғасы қалануда. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылда аяқтап, нысанды тапсыру жоспарланған.

Сондай-ақ Оранғай ауылынан 150 орындық мектеп құрылысы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 200 орынды оңалту орталығының құрылыстары бастау алып, қазіргі уақытта 150 орынды мектеп құрылысының жертөле табанын таптау, тегістеу, жұмыстары жүргізілуде. Мердәгер «ЭСПС Инженеринг» ЖШС, биылғы жылға 10 млн теңге қаржыны игеруді жоспарлауда.

Ал 200 орынды мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығының бетоны құйылып, ірге тасы қалануда. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтап, пайдалануға берілу жоспарлануда.
Жалпы Сауран ауданы бойынша 2022 жылға 73 индикаторды орындау жоспарланса, бүгінгі күнге 16 индикатор орындалып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы