ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ

515 көрілім

Түркістан қалалық “AMANAT” партиясы филиалы ғимаратында Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Батырханұлының қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға келген азаматтар мен азаматшалар жұмыс мәселесі бойынша тұрақты жұмысқа тұрғызып беру бойынша өтінішпен келді.

Тұрғындары толық тыңдаған Ғалымжан Батырханұлы Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт кешеніне 1 штаттық бірлікке жұмысқа орналасыуына ықпал жасайтындығын айтты. Сонымен қатар, азаматша өмірден өткен сіңілісінің 4 баласы барын айтып, 1 қызына суға жүзу курсына жолдама берілсе деген өзінің өтінішін білдірді. Бұл азаматшаның өтініші бойынша Ғалымжан Батырханұлы өз есебінен демеушілік жасап, көмек беретіндігін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы