САУРАНДЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

318 көрілім

“Amanat” партиясы Сауран аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесiнде аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейсов ауыл тұрғындарының арыз шағымдары бойынша жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға Шорнақ ауылының тұрғындары А. Назарбекова, А. Усенова, Г. Усейн алдын ала жазылып,аудандық мәслихат хатшысына өз мәселелерін айтты.

Қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі, қоғамдық жұмыстың мерзімі бiтуiне байланысты жұмыс мерзімін ұзартуға, алдағы уақытта жұмыссыз қалмауына ықпал жасауын сұрады. Мәслихат хатшысы М.Күнпейсов Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің басшысына заңға сәйкес хат жолдады.

Қабылдауға келген ауыл тұрғындарының мәселесін қарап ағымдағы жылы толық жұмыс жасайтындықтарын айтып, жұмыс мерзімін 1 жылға ұзартып берді. Ауыл тұрғындарының мәселелері осылайша оң шешімін тапты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы