ТҰЛПАР МІНІП-ТУ АЛҒАН

246 көрілім

Түркістан қаласында, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Облыстық дәстүрлі «Тұлпар мініп-ту алған» өнер фестивалі болып өтті. Ауданымыздың намысын қорғап барған бір топ өнерпаздарымыз атап айтсақ И. Панфилов атындағы №33 жалпы орта мектебінің оқушысы Сүлейменов Саян мерекелік шараның бетпердесін ашса, Қ Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебінің оқушылары Қантбек Сәт, Ақмұрзаев Аян және №45 Мәдениет жалпы орта мектебінен Иннулаева Эмиля тамылжыта ән шырқады. «Береке» жалпы орта мектебінің «Айсәуле» би тобы мың бұрала би билеп көрермендердің ықыласына бөленді. Нәтижесінде өнерпаз оқушыларымыз жалпы есепте жүлделі ll орынды иеленіп, 150 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Жас талантты дарындарды – Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серикбаев құттықтау алғыс хатымен марапаттап алдағы байқауларда толағай табыстарға жетуіне тілектестік білдірді және осындай шәкірт тәрбиелеп үлкен дәрежеге жеткізгені үшін ұстаздарына да ерекше ілтипат білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы