Арыс қаласында Қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қасірет» мемориалында еске алу шарасы өтті. Оған қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Тәңірберген Әсіл, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен қала тұрғындары және мектеп оқушылары қатысты.

Сонымен қатар, Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев марқұмдар рухына Құран бағыштады. Мәдениет үйінің өнерпаздары Ахмет Байтұрсынұлы жайлы сахналық қойылым көрсетті. Тарихи маңызы зор шараға жиналғандар қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойып тарқасты.
