ӨШПЕЙТҰҒЫН АРТЫНА ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

898 көрілім

Бүгін облыстық «Фараб» ғылыми кітапханасында саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған Әбубәкір Сандыбаевтың бай рухани мұрасын туған халқымен қайта қауыштыру мақсатында  «Тарихтың алып тұлғасы» атты  еске алу кеші өтті. Игі жақсылар жиналған шарада, есте қалар естеліктер мен арнау өлеңдер оқылды. Әбубәкір Сандыбаев сөнген шырақты жағып, ауыл балаларының сауатын ашқан ұлағатты ұстаз. Сауран ауылында (қазіргі Сауран ауданы)  алғаш рет мектеп ашып жас-жеткіншіктерді оқуға бейімдеп ғана қоймай жарлы-жақыбайларға бай-шонжарлардан азық-түліктерді іріктеп, мұқтаждарға үлестіріп берген қайырымды жан.

Аталмыш шараға арнайы Түркістан қаласының  құрметті азаматы, ҚР мәдениет қайраткері, ақын, жазушы Нұрмахан Назаров, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Хазіретәлі келіп, өскелең ұрпаққа мол мұра болып қалатын тарихы терең әңгіме өрбітті. Кешті білікті деңгейде тізгіндеген облыстық кітапхананың бұқаралық, көрмелік іс шаралар бөлімінің меңгерушісі Пернегүл Сейтбекқызы Әбубәкір атамыздың өмірінен естелікке толы ескерткіштерімен бөлісті. Бүгінде Әбубәкір әулетінен тараған ұрпақ бір қауым елге айналған. Ұл-қыздары әке ізін жалғап, білім мен ғылымның жолына түсіп, еліне қызмет көрсетуде.

Жақында ғана атаның салған дара жолда ел үшін аянбай еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеу жолында да, білім саласын да сүбелі үлес қосып келген Сағынғали Әбубәкірұлы асқан абыроймен жер қойнына тапсырылған болатын. Жақсының жаққан шырағын жалғаған шамшырақтың да білім іргетасында аты қалды. Тағдыры сан қиылған тарих алпауытының есімі мәңгілік ел есінде қалмақ.

   Жазира ЖАҚСЫБЕК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы