ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ 176 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

515 көрілім

Жіті ішек инфекциясы дегеніміз – бактериялар мен вирустардың түсуінен, асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен жүретін жұқпалы аурулар тобы. Инфекция қоздырғыштары адамға алиментарлы, ауыз-нәжіс жолымен және жеке бас гигиена талаптарын сақтамаған жағдайда жұғады.
Жұқпалы ішек аурулары әсіресе жаз айларында өршиді. Түркістан облысында жыл басынан ішек инфекцияларының 176 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 135-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Аурудың негізгі себептері: – Үй жағдайында дайындалған тағамдарды сақтау және дайындау технологияларының бұзылуынан; -дайын және шикі азық-түліктерді дұрыс сақталмауынан; – жеке бас тазалығының сақталмауынан, ашық су көздеріне шомылу арқылы, қайнатылмаған су тұтынудан пайда болады. Ішек жұқпасының негізгі клиникалық белгілері: іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу, дене қызуының көтерілуі сондай-ақ жалпы әлсіздік т.б Аталған инфекциялық аурудың алдын алу үшін:
-жеке бас гигиенасын сақтау; -дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен жуу; -тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану; -жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып пайдалану; -сақтау мерзімі өтіп кеткен және тез бұзылатын тағамдарды (сүт өнімдері, салаттар)пайдаланбау қажет.
Есте сақтаңыздар! Жай ғана ішектің қалыпты жұмысының бұзылуынан пайда болып басталған ауру, өте қауіпті асқынуларға (қатты қан кетуге, ағзаның сусыздануына, тіпті өлім-жітімге де) әкеліп соқтыруы мүмкін. Аурудын алғашқы белгілері біліне бастағаннан-ақ, бірден медициналық көмекке жүгініңіздер!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы