КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖОҒАЛҒАН 5 ЖАСАР ҚЫЗ ТАБЫЛДЫ

402 көрілім

Келес аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, сағат 13:00 шамасында ауласында ойнап жүрген немересі белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Өздері іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен тауып беруін өтінген. Аталған жайтты естіген бойда полиция қызметкерлері тұрғынның үйіне барды. Олар мән-жайды анықтап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған қыз 1 сағат уақыт аралығында 2 шақырымдық орталық базардан табылды. Анықталғандай кішкентай бүлдіршін ауласында ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен. Тәртіп сақшылары оны отбасына апарды.

Немересін аман-есен тапсырған тәртіп сақшыларына әжесі алғысын білдірді. Ол: «Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеттерінің арқасында немерем 1 сағатта табылды. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Сіздерге алғысым шексіз!» – деп атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы