ЕСКЕРТПЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

449 көрілім


Бүгін қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бір топ қызметкерлері шаһар бойынша рейдтік іс-шара жүргізді. Қалалық әкімдіктің автотұрағынан басталған іс-шара бірнеше секторлардағы қауіпті учаскелерді аралауға ұласып, жауапты мамандар сол аймақтарға ескертпе тақтайшалар орнатты.

Сондай-ақ, қала тұрғындарына жаз мезгілінде суға шомылудан болатын қауіп-қатерлердің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулық парақшалар таратылды.

Рейд кезінде қауіпті аймақтарда суға шомылып жүрген бүлдіршіндерге мамандар ескертпе жұмыстарын жүргізіп, балалардың ата-аналарына да ескерту жасады.

Айта кетейік, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы ата-аналардың қарауынсыз суға түскен жеткіншектер мен мас күйде шомылған азаматтарға, сонымен қатар, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарға шара қолданатынын жеткізді.


Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы