КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

251 көрілім

Прокуратура кәсіпкерлердің жұмысын бастауға кедергілерді жойып, құқықтарын қалпына келтірді.

Кәсіпкерліктің заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде олардың жұмысына заңсыз кедергілерді жою прокуратура органдарының міндеті болып табылады.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы биыл осы жұмысты жүйелі жүргізу нәтижесінде 49 кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтарын қалпына келтірді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау туралы Заңына енгізілген өзгерістерді басшылыққа алып, кәсіпкерлік субъектілеріне тау-кен жұмыстарының жоспарына келісім беруден бас тартқан.
Тиісінше облыстық Инвестиция және экспорт басқармасы тау-кен жұмыстарының жоспары уәкілетті органмен келісілмегендіктен, осы кәсіпкерлік субъектілеріне жер қойнауын өндіруге лицензия беру туралы өтініштерін қанағаттандырусыз қалдырған.
Алайда, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің талабына сәйкес, тау-кен жұмыстарының жоспары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
Осыған байланысты Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының заң бұзушылықты жою туралы ұсынуы негізінде 27 кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарын бастауына кедергі жойылып, тау-кен жұмыстарының жоспарына келісім мен лицензиялар берілді.
Мағыналас, Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі орман қоры жерлерін жалға алып, мал шаруашылығымен айналысып жатқан 22 кәсіпкерге жаңа орман орналастыру жобасы бойынша жерлері қорық аймағының шекарасы болып айқындалды деп мал жаюға тыйым салған.
Мамандандырылған табғат қорғау прокуратурасы саралау жүргізіп, мемлекеттiк қорық аймағының паспорты бекітілмегені және мал жаюға тиым салуды белгілейтін ауыртпалықтар мен шектеулер жоқ екенін анықтады.
Осыған байланысты, прокуратураның ұсынуымен кәсікперлерге негізсіз берілген мал жаюға тиым салатын хабарламалардың күші жойылып, соңғылардың құқықтары қорғалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы