ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БЕСІГІН ТЕРБЕТКЕН АНАЛАР

870 көрілім

Түркістан қаласындағы “Ақжайық” музыкалық мектебінде “Тәуелсіздіктің бесігін тербеткен аналар” атты облыстық форум болып өтті. Форум барысында Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгерева және Ханбибі Есенқарақызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, журналист Сәуле Мешітбайқызы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева, “Қара шаңырақ” әлеуметтік жобасының авторы Шәкен Тұрар спикер болды.

Іс-шара барысында Түркістан облыстық “Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсана Тоққулова модераторлық етіп отырды. Түрлі отбасылық өзекті мәселелер, әрбір отбасының құндылығы мен қазақ қыздарын отбасылық өмірге тәрбиелеу міндеттері жайында тақырыптар басты назарға алынды.

Түркістан облысының түкпір-түкпірінен келген ақжаулықты аналарымыз “Домалақ ана” және “Ұмай ана” төсбелгілеріне ие болып, арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Кешке келген аналарға құрмет көрсетіліп, сый-сыяпаттар берілді.

Шара концерттық бағдарламаға ұласып, әсем әндеп шырқалып, өлеңдер оқылды. Түркістандық өнерпаздарымыз қала қонақтырына керемет көңіл күй сыйлап, ақ жаулықты аналарымыздың ыстық ықыласына бөленді.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы