Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Онда арнайы қала тұрғындарының арыз-шағымдары тыңдалды. Қабылдаудағы мәселелерді шешу үшін қалалық мәслихат депутаты, Қожа Ахмет Ясауи кәсіби коледжінің директоры Алтынбек Кенжалиев арнайы қатысты.

Нәтижесінде әлеуметтік мәселелерімен шағымданған облыс орталығының 4 бірдей тұрғыны тиісті кеңестерін алды. Айта кетейік, қоғамдық қабылдауды «Nur Otan» партиясы» Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев жүргізді.