МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЕЛМЕН ЕТЕНЕ АРАЛАСУЫ ТИІС

500 көрілім

Еліміздегі үлкен саяси серпілістерге әкеліп жаңа Қазақстанды құруға ықпал ететін референдумға дауыс беру – саурандықтардың алдында үлкен сынақ болғандығы сөзсіз. Барлық ауылдар мен елді-мекендердің әзірлігі зор болды. Бұл сынақтан саурандықтар қысылмай өтіп, өздерінің саяси көрегендіктерін, біліктіліктерін таныта білді.

Соның нәтижесінде Түркістан облысы елімізде алғашқылардың қатарынан көрінді. Енді міне референдум қорытындысы бойынша халыққа үндеуінде Мемлекет басшысы алдағы атқарылар жұмыстарға кеңінен талдау жасады:

«Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз», – деп Президент өте нақты әрі маңызды қадамдарға бастайтын жолды нұсқап отыр.

Ендеше, үлкен-кіші демей, әрқайсымыз өз орнымызда еліміздің дамуы мен жаңғыруына барынша үлес қосуымыз керек. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер елмен етене араласуы және жұртшылықтың талап-тілегіне дер кезінде жауап беріп отыруы тиіс.

Сейілхан АХМЕТОВ, Сауран ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы