«ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

591 көрілім

Айрықша мағынаға ие тарихи маңызды күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарих және тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, кітап көрмесі қойылды.

Аталмыш шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаев, Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейісов, зиялы қауым өкілдері мен жастар, білім саласының өкілдері, ішкі саясат бөлімі мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалының мамандары, Шорнақ ауылдық округінің әкімі Б.Баймұратов қатысты.

Дөңгелек үстелді аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, бұл шараның саяси қуғын-сүргін құрбанда-рын еске алу үшін өтіп отырғандығын атап өтті. Шараға қатысушылар ал-дымен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы бейнероликті тамашалады. Бұдан соң аудандық мәдениет үйінің қызметкері Н.Төлемисовтің қасіретті жылдар туралы термесін тыңдады.

Дөңгелек үстел барысында аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов «Қасіретті жылдар жаңғырығы» тақырыбында баяндама жасады. Сауран ауданындағы Үшқайық ауылдық округі «С.Қожанов» атындағы шағын жинақталған орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Б.Момбекова репрессияның құрбаны болған «Сұлтанбек Қожанов Алаш қайраткері» тақырыбында жан-жақты баяндама жасап, Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен репрессия жылдарындағы қызметі жайлы мағлұматтар айтты.

Аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов пен аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Әміреев сөз сөйлеп, қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қайраткерлері туралы айтып, жастарды тарихты зерделеуге және өз елін сүюге шақырды. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Серік Өмірханұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, іс-шараны қорытындылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы