ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН

475 көрілім

Қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеріп, еңселі ел таңбасын айқындатып, ән ұранын асқақтата шырқауды мақтан тұтуымыз қажет.

ҚР мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл толуына орай, облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының басшылығымен мектебімізде «Тұлпар мініп, ту алған» атты облыстық өнер фестивалі өткізілді. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды, біз армандарды ақиқатқа айналдырдық, мәңгілік елдің ірге тасын қаладық. Өнер талантты өсіреді дегендей өнерлі, талантты жастардың шабытын ашу, сындарлы өнердің сапасын сарапқа салу үшін облыстық қосымша білім беруді дамыту бөлімінің директоры Б.Ешенқуловтың басшылығымен топ мүшелері келіп, оқушылардың өнерін тамашалады. 28 мамыр күні облыс орталығында гала концерт өткізіліп, қорытынды нәтижесінде жүлделі І орынға ие болдық.

Фестиваль талантты оқушылардың талантын шыңдап, қанат бітіріп үлкен өнерге жол ашатын байқау. Осы байқауға 20 жылдан астам уақыт бойы қатысып, бірнеше талантты жастарды өнерге баулып, қанаттарын қатайтудамыз. 2018 жылы жүлделі ІІІ орын, 2019 жылы ІІ орын алдық, 2021 жылы жүлделі І орынға ие болдық. Алдағы уақытта да көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, талғампаздығы мен биік шыңдарды бағындыру мақсатында ұжым болып жұмыс жүргіземіз.

Г.УРАЗБЕКОВА, Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы