ӨРЛЕУМЕН ӨРКЕНДЕМЕК ӨРІСІМ

370 көрілім

PISA халықаралық зерттеулері талаптарына сәйкес, қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінде білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша кәсіби құзіреттіліктерін дамыту мақсатында «Өрлеу БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедра аға оқытушысы, тренер Анар Жангабулованың 80 академиялық сағаттан тұратын курстан өттім.

Курс барысында халықаралық зерттеулер аясында оқу сауаттылығын дамытуға негізделген тапсырмаларды қолдану біліктіктерін жетілдірдім және PISA халықаралық зерттеуі негізінде оқу сауаттылығын арттырудың белсенді әдістері мен құралдарын таңдаудың негізгі тәсілдерін анықтадым. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдерісін ұйымдастыру бойынша кәсіби дағдыларды дамыттым. Курстан үйренгенім көп болды.

PISA халықаралық бағдарламасы аясында мәтін түрлерімен талдау жұмыстарын жүргізе отырып, оқу сауаттылығының компоненттері және мәтін мен жұмыс жасау тәсілдерін, сонымен қатар, тест тапсырмаларын құрастырып постер қорғап, әр семинар сайын тәжірибе жасай отырып, білімімізді шыңдадық. Алған білім мен тәжірибені алдағы уақытта қолданып, білім алушылармен әріптестеріме тиімді жақтарын бөлісетін боламын. Біздің басты мақсатымыз – білім алушының өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, шынайы өмірде дара тұлға қалыптастыруына ықпал ету болып саналады.

Сөз соңында айтарым, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, шығармашылықпен еңбек етуге тәрбиелеу үшін мұғалім үнемі ізденісте, жан-жақты қаруланып, өзіне жүктелген жүкті абыроймен атқарып, кез-келген мәселені жедел шеше білуге дайын болуға тиісті. Өйткені, мұғалім-мектептегі негізгі тұлға.

«Өрлеу» иституты жүзеге асыратын кең практикалық, инновациялық бағыттылық, заманауи технологиялар, жаңашыл жобалар уақытпен сенімді қадам басуға мүмкіндік береді. Институт ұжымына алғысым шексіз. Әрқашан мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста. Институт орталығының әкімшілігі мен тренерлеріміздің толағай табыстары көп болсын.

А.ЮСУПОВА, Сауран ауданы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы