БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒАМЫЗ

559 көрілім

2022 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялап, балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты қолдау қажеттігін айтып, тапсырма берді. Президентіміз ұрпағымыздың болашағы жастарымыздың үйлесімді дамуына бақытты балалық шағы – біздің міндетіміз екендігі айтылды. Осы мақсатта мектебімізде 1 маусым күні «Балаларды қорғау» күні аталып өтілді. Бала өміріміздің жалғасы, көз қуанышымыз, көңіл жұбанышымыз. Ұлттың ертеңі, сенімді тірегі. Шара барысында балаларға мерекелік концерттік бағдарлама, түрлі ойын-сауықтар қойылып, Түркістан қаласында ашылған мәдени орындарға экскурсияға шығарып, балаларға тамаша көңіл-күй сыйладық. Бұл мереке – тәрбиеленушілеріміздің асыға күтетін мерекесі. Осы мереке қарсаңында әлеуметтік көмекті қажет ететін 12 отбасы балаларына жеке кәсіпкер Самат Рашев жаздық киімдер сыйлады.

Осылайша, «Балаларды қорғау» күні мереке ғана емес, оларға қамқор болуға, мейірім мен махаббатқа бөлеуге арналды. Балаларға көрсеткен қамқорлығымыз оның келешегінің іргетасын қалайды. Жақсылық көріп өскен бала, есейгенде өзі де өзгелерге жақсылық жасап, жанашырлық танытады деген сеніміміз бар. Тек мереке қарсаңында ғана емес балаларды мейірім мен махаббатқа бөлеу, қолдау көрсету, қиналғанда жанынан табыла білу баршамыздың міндетіміз деп білеміз.

Г.УРАЗБЕКОВА, Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы