2  206 көрілім

Бүгін Түркістанды Мемлекеттік қызметшілер арасында “Түркістан арена” стадионында спартакиаданың ашылу салтанаты болып өтті. Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілмановта салауатты өмір салтын ұстанып жүрген қызметшілердің қадамын жоғары бағалады.

Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толуына және Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне арналған додада футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, бильярд, қазақ күресі, үстел теннисі және жүзу секілді сайыстар өтуде. Дүбірлі сынға барлық аудан, қала әкімдіктері, департаменттер, басқармалар мен Түркістан облысы әкімдігі аппаратынан командалар жасақталып, қатысуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы