ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен байланыс операторлары арасындағы меморандум аясында, Түркістан облысына қарасты Төлеби, Қазығұрт және Келес аудандарына интернет желісі қосылады. 2020 жылға дейін Төлеби ауданы, Балдыберек ауылында интернеттің сапасы өте төмен болған. Ауданда 850 адам тұрғандықтан, интернет желісіне байланысты шағымдар көп болған. Биыл Балдыберек ауылының тұрғындарында 4G мобильді интернеті қосылды. Жоғарыда аталған мәселе 1000-нан астам халқы бар Келес ауданының Бозсу ауылында, сондай-ақ 1000-нан астам халқы бар Қазығұрт ауданының Жеңіс ауылында да туындаған. Енді 250+жобасы аясында барлық ауыл тұрғындарына кең жолақты интернет желісі жеткен.
ТҮРКІСТАНДЫҚ АУДАНДАР ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ
480 көрілім
