САҢЫРАУҚҰЛАҚ ӨСІРІП, КӘСІП АШҚАН

458 көрілім

Түркістан облысына қарасты Ордабасылық Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шыққан. Бар болғаны 9 сынып оқыйтын жас кәсіпкер бұл өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйренген. Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы оны Төрткөл ауылдық округінде аталған кәсіппен айналысатын Қаршыға Арысбекқызына тәжірибе алмасуға алып барған. 37 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкер талабы таудай жасқа өз білгенін үйреткен.

“Әу баста 50 мың теңгеге саңырауқұлақ ұрығын, 10 мың теңгеге қауыз сатып алдым. Ал су, газ шығындарына жобамен 10 мың теңгедей қаржы жұмсалды. Арнайы бөлме ішіне еккен ұрықтардан 63 блок (мешочек) өнім шыкты. Дайын өнімнің бір келісін 1000 теңгеден сатылымға шығарудамыз. Бір блоктағы саңырауқұлақ 20 күнде пісіп, 2- 4 келіге дейін өнім аламыз. Негізінде бір блок 4 рет таза өнім береді. Оның алғашқы 3 өнімі сатылымға шығарылса, соңғысы консервіге жабылады, дейді жас агроном.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы