Түркістанда Құрманғазының «Балбырауын» күйін 1500 оқушы орындады. Өнерлі жастар «Dombyra Party» флеш-мобына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Балалар жылы» аясында өткізілетін «TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында өткізілген шара «Керуен сарай» кешенінде өтті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев балаларды мерекемен құттықтап, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

Қазақстан эстрада жұлдыздары, «Заман» тобы, әнші Айдар Байжанов, Түркістан облысының талантты оқушылары өнерлерін көрсетті. Балаларға тегін балмұздақ пен тәттілер таратылды. Сондай- ақ мерекеге орай «DRONE CHALLENGE» және «ROBO FEST» көрмесі ұйымдастырылып, жас қылқалам шеберлерінің салған таңдаулы суреттері насихатталды.
