«МЕКТЕПКЕ ДОМБЫРА СЫЙЛА!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

740 көрілім

1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі мен «Балалар жылына» орай Түркістан облысы, Түлкібас ауданында түлектер мен депутаттар мектепке 40 домбыра сыйлады. Домбыраны кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен іс шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Оған аудан әкімі Нұрлан Байғұт, мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев, мәслихат депутаттары мен осы мектептен түлеп ұшқан түлектер қатысып, акцияға өз үлестерін қосты.

Маңызды шараның мектеп оқушыларының домбыраға деген құмарлығын оятып, ұлттық өнерді меңгеруіне ықпал етері сөзсіз. Осы ретте мереке күнге орайластырылған шара барысында Тұрар Рысқұлов мектебіне 40 домбыра сыйға тартылды.Мерекелік жиында мәслихат депутаттары және басқа да қонақтар ыстық лебіздерін білдіріп, Т.Рысқұлов мектебінің директоры Е.Мақашев игі шараны эстафета ретіне Б.Момышұлы мектебіне тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы