«ШУАҒЫН ШАШҚАН ТҮРКІСТАН» ДЕМАЛЫС КОНЦЕРТІ ӨТТІ

434 көрілім

Қаламыздағы «Гүлдер саябағында» қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Шуағын шашқан Түркістан» демалыс концерті өтті. Ашық аспан астында өткен демалыс кешіне қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концертте Түркістанға, туған жерге арналған «Мәңгілік ел», «Бабалар рухы», «Қазақтай ел қайда» және «Түркістан» атты әндер шырқалды. Іс-шара барысында алаңға жиналған өнерлі тұрғындар да әндер орындап, би биледі.

Кеш соңында жиналған қауым киелі шаһардың аспанын әнге бөлеген мәдениет үйінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы