CАУРАНДА САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

414 көрілім

Сауран ауданында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай іс шара өтті. Аудан әкімі Ғани Рысбеков тарих парағындағы қаралы жылдарды еске алып, ұлт тағдыры үшін күрескен зиялылардың еңбегі мен ерлігін ұрпаққа дәріптеу құрбандардың рухына жасалған үлкен тағзым екенін айтты.

«Қазақ халқы тарихта небір қасапты қырғындарды, қуғын сүргіндерді, зұлмат соғыстарды көрген халық. Осыдан бір ғасыр бұрын сүт бетіндегі қаймақтай болған зиялыларымыз елдің ертеңі, ұлттың болашағы үшін қолына қару емес, қалам алып күресті. Кеудесінде жаны, қаламында сиясы таусылғанша ұлт қамы деген ұлы мұрат жолында шаһид кетті. Олардың еңбегі мен ерлігінен өнеге алып, жас ұрпаққа рухани тәрбие, тарихи тағлым беріп, отансүйгіштікке баулимыз»,- деді Ғ. Рысбеков.

Шарада мектеп оқушылары қазақ мәдениеті мен әдебиетіне, ұлттың болашағына қызмет еткен ақын-жазушылардың, қуғын-сүргін құрбандарының өмір жолынан үзік сыр айтып, шығармаларынан үзінділер оқыды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы