САЯСИ-ҚУҒЫН СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

663 көрілім

31-мамыр Түркістан қаласындағы С.Қожанов ескерткішінде Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне” іс-шара болып өтті. Жиынға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қалалық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбаймбетов, Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Әбдіжаппар Сәкенұлы және қала ақсақалдары мен бақ өкілдері қатысты.

Тәуелсіздік үшін, азаттық үшін жанын қиған алаштың арыстары мен тарихи ақтаңдақтардың рухын еске алу мақсатында Рахымжан Отарбаевтың пьесасы бойынша “Мұстафа Шоқай және бес арыс” деп аталатын Халық театрының орындауымен сахналық қойылым қойылды. Сонымен қатар, жас өнерпаздар “Алаш арыстарына арнау” деп аталатын өлең шумақтарын оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Шара барысында ұлы тұлғаларды, саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алып, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбаймбетов халық алдында сөз сөйлеп, саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алды.

“Бүгінгі жиында театрландырған қойылым қойдық. Мен Мұстафа Шоқайдың образын сомдадым. Ол кісінің үлкен тұлға болғандығы бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, қаншама арыстарымыз қыршын кеткенін де білеміз. Соны еске алу мақсатында, жастарымызға тәрбилік мәні болсын, ұмыт қалмасын, соларды еске алсын деген мақсатта қойылым қойдық”, деді театр әртісі Шәкен Амантуров.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы