«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

404 көрілім

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурс 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама БАҚ-та, сондай-ақ АҚДМ- нің, ЖАО-лардың және басқа да әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады.

Конкурсты өткізудің мақсаты:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Конкурсты өткізу тәртібі:

1. 2022 жылғы 11 мамырға дейінгі мерзімде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын дайындау және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрамын бекіту.

2. 2022 жылғы 11 мамырға дейінгі мерзімде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру мен өткізуді ақпараттық сүйемелдеудің Медиа-жоспарын бекіту, сондай-ақ Конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді үйлестіру.

3. 2022 жылғы 15 мамырда, сағат 10:00-де Ақпарат және қоғамдық даму министрінің төрағалығымен Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтеді.

4. 2022 жылғы 15 мамырда Халықаралық Отбасы күні қарсаңында (International Day of Families) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізудің басталуы туралы «Хабар», «Хабар24», «Қазақстан» республикалық телеарналарында, «Таңшолпан» ақпараттық-музыкалық бағдарламасында,

АҚДМ-нің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланады.

Бірінші кезең – өңірлік, аудандық (қалалық) деңгейде:

1. 2022 жылғы 11 мамырға дейінгі мерзімде мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы аудандық (қалалық) турлар конкурсының лауреаттары қатарынан конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құру және бекіту.

2. Комиссияның Ережесін, іріктеу өлшемшарттарын және конкурсты өткізу форматын бекіту.

3. 2022 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей аудандарда (қалаларда) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі өңірлік комиссиялардың отырысын ұйымдастыру.

4. 2022 жылғы 11 мамырға дейінгі мерзімде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру мен өткізуді ақпараттық сүйемелдеудің Медиа-жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ Конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді үйлестіру.

5. 2022 жылғы 11 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын жариялау бойынша «Қазақстан» РТРК-де және өңірлік телеарналарда, облыс, аудан (қала) әкімдігі аппаратының ресми сайттарында және интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде («Мерейлі отбасы» арнайы айдарын ашу) ақпараттық-имидждік компания өткізу.

6. 2022 жылғы 15 мамырда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы өңірлік телеарналарда, облыс, аудан (қала) әкімдігі аппаратының ресми сайттарында және интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде хабарландыру.

7. 2022 жылғы 15 мамырдан бастап 2022 жылғы 15 маусымға дейін Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді аудандық (қалалық) комиссияға қағаз немесе электрондық нұсқада қабылдауды жүргізу. Қабылдаудың соңғы күні – 2022 жылғы 14 маусым.

8. 2022 жылғы 29 маусымға дейін (қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде) аудандық (қалалық) комиссия алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырып іріктеу жүргізеді және екі отбасын айқындайды.

9. Екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, Астана) комиссияларға жолдайды.

10. 2022 жылғы 1 шілдеде, сағат 10:00-де конкурстың бірінші іріктеу турын өткізу қорытындылары туралы Жергілікті атқарушы органдардың есептерін қабылдау бойынша «ZOOM» платформасында онлайн форматта ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізу.

11. «Қазақстан» РТРК» АҚ-та және өңірлік телеарналарда, облыс, аудан (қала) әкімдігі аппаратының ресми сайттарында және интернет- ресурстарда, әлеуметтік желілерде, «Айқын», «kazinform.kz»-те жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау, ақпараттық ілгерілету.

Екінші кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана):

1. 2022 жылғы 11 мамырға дейінгі мерзімде мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) турлар конкурсының лауреаттары қатарынан облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрамын құру және бекіту.

2. 2. Комиссияның ережесін, іріктеу өлшемшарттарын және конкурсты өткізу форматын бекіту.

3. 2022 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) комиссиялардың отырысын ұйымдастыру.

4. 2022 жылғы 11 мамырға дейінгі мерзімде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру мен өткізуді ақпараттық сүйемелдеудің Медиа-жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ Конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді үйлестіру.

5. Комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде (қажет болған жағдайда) ұсынылған құжаттарды қосымша тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және жеңімпаз бір отбасын айқындайды.

6. Комиссияның отырысын интернет-ресурста және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда онлайн- трансляциялар режимінде өткізу.

7. Отырыстан кейін екі жұмыс күні ішінде комиссия облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерімен келісілген өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге ұйымдастыру комитетіне жолдайды.

– Комиссияның әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).

– Критерийлердің бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, бұл критерий бағаланбайды.

– Баллдардың жалпы саны тең болған жағдайда түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

8. «Қазақстан» РТРК» АҚ-та және өңірлік телеарналарда, облыс, аудан (қала) әкімдігі аппаратының ресми сайттарында және интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, «Айқын», «kazinform.kz», облыстық газеттерде жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау, ақпараттық ілгерілету.

Үшінші кезең – Республикалық:

1. Ұйымдастыру комитеті облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде материалдарды ҚР Президентінің Әкімшілігіне жолдайды.

2. АҚДМ жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындайды, «Хабар», «Хабар24», «Қазақстан» телеарналарында, «Таңшолпан» ақпараттық-музыкалық бағдарламасында, АҚДМ ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жариялайды.

3. Отбасы күні қарсаңында ұйымдастыру комитеті Конкурс лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін ұйымдастырып, диплом мен айырым белгісін (мүсінше) табыс етеді.

4. 2022 жылғы 11 қыркүйекте Отбасы күні қарсаңында конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі, диплом мен айырым белгісін (мүсіншені) табыстау тікелей эфирде көрсетіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы