ХАЛЫҚ КҮТКЕН РЕФОРМА

351 көрілім

Мемлекет басшысының бейнеүндеуі жаңа Қазақстанды құрудағы елдің күткен кезекті сатысы болды. Әрине, саяси жүйеге түбегейлі өзгеріс жасау Ата Заңға өзгеріс енгізуді қажет етеді. Өзгеше болуы мүмкін емес. Оны халық дұрыс түсіну керек.

Президент белгілеген референдум іс жүзінде жалпыхалықтық болып, нәтижесі ешқандай саяси толқуларсыз аяқталады деп үміттенеміз. Қазақстан Республикасының теңқұқылы азаматы ретінде мен бұл бастаманы қолдаймын және де отандастарымды ел тағдырын шешудегі бастамада белсенділік танытуға шақырамын. Жыл басынан бергі елімізде болып жатқан саяси өзгерістерге халық бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Мұның өзі – демократиялық даму жолындағы жақсы қадам. Билік пен халық арасында сабақтастық орнаса ғана қоғамда жағымды оң өзгерістер болатыны хақ.

Еліміз үшін маңызды таңдау болатын күнге де көп қалған жоқ. Президенттің алға қойған бастамаларын іске асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Осы тұста әр азамат өз ұсынысын айтуға құқылы және ертеңі үшін таңдау жасауы керек.

«AMANAT» партиясының мүшесі ретінде халықты ақпараттандырып, олардың да ой-пікірлерін тыңдап, референдум аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Жаңа Қазақстан құрудағы жолды бірге жасайық!

А.ТІЛЕПОВА, қалалық мәслихаттың депутаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы