РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

574 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шынайы саяси реформа жасаудың негізін қалауда. Соның бірден бір көрінісі осы алдағы референдумның күн тәртібіне шығарылған Ата заңның баптары. Мұнда халықтың жете назар аударып отырғаны жерге және жер ресурстарына халықтың иелік етуін заңдастыру.

Одан кейінгі ең өзекті жайдың бірі жергілікті мәслихаттардың депутаттары мен ауыл округтерінің әкімдері жүз пайыздық мөлшерде халықтың қолдауымен жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде ауылдық округ әкімдері мен аудандық және қалалық мәслихат депутаттарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейте түседі. Және елдің алдында атқарған жұмыстары бойынша тұрақты есеп беріп отыруына жағдай туғызады.

Өткен жылы Түркістан өңірінде ауыл әкімдерін баламалы негізде сайладық. Түркістан аумағындағы 181 ауыл округ әкімінің 70-тен астамында тұрғындар тікелей дауыс берді. Алдағы уақытта бұл үдеріс қалалық және аудандық мәслихат сайлауларында да тікелей жүзеге асады.

Оның сыртында референдумға облыс әкімін тағайындау мәселесінде өзгеріс қарастырылып отыр. Мәселен, Мемлекет басшысы ұсынған екі үміткердің қайсысына мәслихат депутаттары таңдау жасайды. Сол үміткерге Мемлекет басшысы облысты басқаруды сеніп тапсырады.

Ал, облыстық мәслихатта 50%-ы партиялық тізіммен жасақталса, 50%-ы мажориторлы тәсілмен таңдалады. Облыста облыстық, аудандық, қалалық барлығын қосқанда 320 депутаттық мандатты иемденуге елдің арасынан бетке ұстар, жігерлі жастардың шығып, иемденуіне жол ашылатын болады.

Сондықтан, түркістандық әрбір тұрғынның 5-маусымда референдумға қатысып, дауыс беруі азаматтық парызымыз болып саналады.

Ғ.ХУДИЯРОВ, қалалық мәслихаттың депутаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы