САРЫАҒАШТЫҚ 155 ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІ» ТӨСБЕЛГІСІНЕ ҮМІТКЕР

535 көрілім

Бүгін Сарыағаш ауданына қарасты, Ақжар ауылдық округінде орналасқан №45 жалпы орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты шара болып өтті.

Шараға аудан әкімі М.Отаршиев, ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушысы Д.Акатов, білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Шара барысында оқушылардың қатысуымен «Үздік оқушылар шеруі» және «Аманат» кілтін тапсыру рәсімі өтті. Сонымен қатар, аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі. Айта кетсек биылғы жылы 71 жалпы орта мектебінен 3222 түлек 11-сыныпты бітірген болса, оның ішінде «Алтын белгі» төсбелгісіне-155, үздік аттестатқа – 213 үміткерлер бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы