ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА 1451 ТҮЛЕК АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕН ҚОШТАСТЫ

550 көрілім

Бүгін Төле би ауданына қарасты, Леңгірдегі №1 мектеп-гимназиясында өткен соңғы қоңырау шарасына аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысты. Аудан басшысы іс-шараға жиналған барша ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды және мектеп бітіруші түлектерді мерекемен құттықтады. Сондай-ақ білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаздар мен озат оқушыларды дипломдар және алғыс хаттармен марапаттады.

«Сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын барысында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары, ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Мектеп оқушылары өздері дайындаған концерттік бағдарламасын тарту етті. Шара соңында мектеп бітіруші түлектер қоштасу вальсін билеп, соңғы қоңырау соғылды. Айта кетейік, биылғы оқу жылында аудан бойынша 1451 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Оның ішінде 23 түлек «Алтын белгіге» үміткер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы