ЖЕТІСАЙ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

920 көрілім

Бүгін Жетісай мектептерінде де соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты шараға орай Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен ауданның бас ұстазы Тұрсын Мырзалиев Абай ауылдық округі, Отан елді мекенінде орналасқан №73 жалпы орта мектебінде болып, мектеп бітіруші түлектерді құттықтады. Мектеп ауласына шырша көшетін отырғызды.

Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқалы тұрған 2 түлек «Алтын белгіге», 1 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. Мектеп басшысы Нұрмұхамед Түйебаевтың айтуынша 2021 – 2022 оқу жылында 41 оқушы 1 сыныпта білім алса, келесі оқу жылында тағы сонша бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды деп жоспарлануда.

«Мектеп – адамзатты тәрбиелеуші алғашқы орта. Талай-талай ғалымды да, ақынды да үлкен өмір сахнасына тәрбиелеп, қанаттандырып ұшырған алтын ұямен қоштасу кімге де болса оңай тимесі анық. Сіздер үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыздар, баршаңызға сәттілік тілеймін!Алған білімдеріңізді ары қарай шыңдап, еліміздің өркердеуіне еңбек етіңіздер! Болашақ сіздердікі, сондықтан, біз елімізді сенімді қолға тапсырып жатқанымызбен мақтанатын, марқаятын болайық!», деді аудан басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы