РӘМІЗДЕРІМ АЙБАРЛЫ АСЫЛ НЫШАНЫМ

773 көрілім

Тәуелсіз еліміздің ұлттық рәміздерін зо жыл дархан халқымның тарихында алтын әріппен сақталған рәміздерімізге қошеметіміз қашанда биік!

Еліміз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ұлан байтақ еліміз, дархан дала жерімізді сонау ықылым заманда «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елімізді жаудан қорғаған. Бабалар аманатына келешек жас ұрпақ қорған. Мемлекетіміздің ұйытқысы болған рәміздерімізге құрметіміз қашанда биік болуы керек.

Еліміз көп ұлтты мемлекет болғаннан кейін тіліміз бен рәміздерімізді бірінші орынға қойюымыз қажет. Туымызда қалықтаған қыран құсымыздың бейнесі бейбітшіліктің символы. Қазақтың тәуелсіз ел болуына өз үлестерін қосқан Хан мен Би Сұлтандарымыздың да орны ерекше. ХVII ғасырларда шешендігімен, көп ортада төрелігін айтқан Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы, Әз Тәукенің жеті жарғысы өз заманында жол көрсеткен. Бертін келе 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң жарыққа шықты.

1992 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік рәміздері қабылданды. Рәміздерге тоқталатын болсақ, Ту мен Елтаңба мемлекеттік ғимараттарда, жұмыс кеңсесінде орналастырылады. Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы жарқын белесі, сабақтастықтың көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар рәміздер қазақ халқының асқақ рухын, қаһармандағын, даналығын, өжеттігін асқақ арман тілегін жеткізетін құнды белгілер. Әрине! халқымыз армандаған, аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге шүкіршілік етеміз. Қазақстанның әрбір азаматы ұлттық нышандарымызды біле жүруі тиіс. Туын, Елтаңбасын, Әннұранын көкейде мәңгі сақтап, қасиетін біле жүруі керек. Ұлттық рәміздеріміз еліміздің өзіндік өмір салтын, болмыс-бітімін ерекшелігін, өзгелермен байланыс орнату мұратын білдіретін айрықша белгі болып табылады. Мемлекетіміздің алтын діңгегі атазаң мен рәміздер екенін біле жүргеніміз абзал. Сондықтан рәміздерге деген құрмет ұлт жанашырлықтан басталады. Жас ұрпақтың бойына қасиетті ана сүтімен, ана тілі дариды. Тіл арқылы біз әлемді танимыз. Жас ұрпақты патриотизмге, ұлтжандылыққа үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Әнұранын шын ықыласпен шырқап орындаған жас ұрпақтың ынта жігері, өзіне сенімі нық болатыны сөзссіз.

Айкерім ЖҰМАБАЕВА, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы