СЫЗДЫҚ СҰЛТАН ЖӘНЕ ТЕЛҚОЖА

726 көрілім

Қазақ халқының тәуелсіздігі, егемендігі үшін 5 ғасыр бойы күрескен қаншама хандары мен батырлары болған. Солардың ішінде халқымыздың ең соңғы ханы Кенесарының ұлдары және Телқожа батыр туралы баяндаймыз. Кенесары қайтыс болғаннан соң, оның ұлдары Қаратаумен Сырдария бойын, Түркістан қаласының маңын жайлады.

Ол кезде Түркістан Қоқан хандығының қарамағында болды да, Кенесары ұлдары және Түркістандағы Шоқтас ауылынан шыққан Телқожа Қоқан армиясының құрамында қызмет етті. Телқожа алғаш рет 1863 жылы Сауран жерінде патша әскерімен айқасқа қатысты. 1864 жылдары басқыншылардан Түркістан, Шымкент, Ташкент қалаларын қорғауға қатысты. Күш тең болмағандықтан Кенесарының шен үшін патша әскерінің құрамына еніп кеткен баласы Тайшық қақтығыста өз қандастарының қолынан қаза тапты.

Ал, Сыздық Сұлтан мен Телқожа болса, – бабаларымыздың дінін, ата салтын бұзып, аузыбасы түкті кәпірлердің қарамағында болмаймыз. Бұхар, Хиуа хандықтарына барып кәпірлердің алдынан шығып қарсы соғысамыз деп, өз нөкерлерімен әрі қарай кетті.

СЫЗДЫҚ ПЕН ТЕЛҚОЖА БҰХАР ӘМІРЛІГІНДЕ

Қоқан хандығы құлаған соң, Сыздық пен Телқожа отрядтары соғыса жүріп, Бұхар әмірлігіне дейін жетті. Оларды Музаффар хан өте жылы қабылдап, оның әскерін Бұхар хандығына қосты.

Сыздық Кенесарин Ташкентті қорғауда жараланған соң бір жылдай дерлік емделді. Ол өз көмекшілеріне қарсыластардың Бұхара жағына жақындасуын мұқият қадағалауды тапсырды. Одан соң парасатты шешім қабылдады. Міне, оған байланысты «Московские ведмости» газетінің 117 санында былай деп жазады: «1866-жылы көктемде, әзірше әмір бізбен соғысуға дайын болмаған кезде Сыздық ештеңе алдын ала қабылдамады, бірақ, біз қарсыласқа қарсы іс-әрекет бастағанда ғана, ол сол сәтте пайда болды. Үшінші күні Музрабаттағы істен кейін Сыздық біздің пароходтар үшін даярланған 200 пұт сексеуілімізді жағып жіберді». Осыдан соң орыс баспасөзінде, патша империясының жоғары тобында Сыздық пен Телқожа батыр туралы объективті бағалаулар қалыптасты.

Өзбекстан Республикасының мемлекеттік мұрағатында құжат сақталған, Жызақ отряды бастығының Сырдария облысының әскери губернаторына 1867-жылы 13-желтоқсанда жазған хабарламасын қарайық:

«Түркістан әскери округі басқарушысының жеке бұйрығына сәйкес, Жызақ ауданының батыс бөлігі мен алдын ала тексеру жүргіздім…

Қазіргі кезде бұл тарапта Бұхар шенеуніктерінің басшылығымен 4 шайқа (топ) көрінеді, олар белгілі бір пунктерді тұрақты пайдалана отырып, тұрғындарға ықпал етіп, оларды толық тәуелдікте ұстайды. Ол шайқалар мыналар:

1) Ата бекінісіндегі Телқожа.

2) Хукулла деревнясында-Назар.

3) Наркутадер-Жұмабай.

4) Ухумдағы – қазы.

Айтылған барлық төрт адамда әмірден қолы қойылған, белгілері бар, олардың бірі өзгелерінен жоғары саналып, тікелей Бұхардан бұйрық алып отырды.

Хандықтың Нұрата, Заамин, Жызақ және т.б. елді мекендеріндегі шайқаста нөкерлер белсене қарсылық көрсетті. Осыған байланысты құжаттарда мынадай жағдай көрсетіледі: Қоқан әскерлерін талқандаудан соң шабуылды жалғастыра отырып, генерал Черняевтің үлкен отряды Жызаққа келді. Бұхарлықтар қарсылық көрсетпей, қашып кетті. Черняев қала қорғаныссыз қалды деп оған толығымен кірді. Телқожа қаланы қалдырмауды ұйғарып, оның қабырғаларына жасырынды. Жігіттер орыстың олжа шолақ винтовкаларымен жақсы қаруланған болатын. Бұл туралы білмей, ешқандай балаусыз орыстар қалаға еніп, жайбарақат орналаса бастады. Жігіттер өте дәл нысанға атысты бастады. Орыстардың қатарында дүрбелең туып, олар асығыс қаланы тастап шықты. Телқожа өз әскерімен жауды қуып, бірқатарын өлтірді. (қ-з. «Туркестанский сборник» 2 том, 17 бет).

1869 жылы көктемде Сыздық Сұлтан өз отрядымен Хиуаға келді, келушілердің қатарына өз нөкерлерімен Телқожа да болды. Хиуа ханы Мухаммад Рахим хан II (Феруз) оларды жылы қарсы алды, ол қонақтардың орыстармен күрестегі ерлігінен хабардар еді. Хан Сыздық Сұлтан мен Телқожаның жігіттерін қызметке қабылдап, оларға 900 танап (250 гектардай) жерді. Шаббаз бектігін берді. Елді ауыр сынақ күтіп тұрды. Қоқан мен Бұхар хандықтары құлаған соң, орыс империясының хиуалықтармен соғысу кезегі келді. Келген жігіттердің көмегі көп ұзамай қажет болған.

Мұхаммад Рахим хан Сұлтан Сыздықты Солтүстік бектіктің наибы (орынбасары) етіп тағайындайды, оған Шават, Монак, Ходжейлі, Қоңырат бектіктері енді, онда түркімен, қазақ және қарақалпақ тайпалары тұратын, олар салық төлеуден жиі бастартатын. Сондықтан, Сұлтан Сыздық бір мезгілде бас салық жинаушы болды. Бірақ Сыздық Сұлтанның негізгі міндеті алда тұрған орыс әскері шабулына әзірлік жасау. Оның қарамағына екі мың нөкерден тұратын отряд бөлінді. Телқожа 400 жігіттен түратын, отрядты басқарды. Ол дарған атадан Арал теңізіне дейінгі хандықтың шекарасын күзетті. Жағдайға орай Сұлтан Сыздық Бухоновты қабылдаса, Телқожа Телмурат деп атала бастады. Ол Сарыби ауылында бөлінген жер мен жайылымды игеру бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.

Мұнда Телқожа жақсы шаруагер, білікті егінші және малшы ретінде өзін көрсетті. Бір мезгілде, Телқожа өзінің сыналған достары, Нұрмұхамед жүзбасы, Қадырберген жүзбасы, Абдулла жүзбасымен орыс әскерлерінің ҚызылҚұм құмы бойынша болжамды бағытындағы жағдайды зерттеді.

Мұхаммад Рахим хан Сыздық Сұлтан және Телқожаның қызметіне өте көңілі толды. Оларға 100 тіллә сыйлық берді. Бұл тіпті сол уақыт үшін орасан зор сома – болатын, оның үстіне Хиуа хандығы қорғаныс соғысын жүргізу үшін қаржыны қажет ететін.

1869-1872 жылдың ішінде Түркістан өлкесінің Генерал – губернаторы фон Куфман Хиуаға екі рет үзілді-кесілді талап қойған хат жіберді, онда орыс мемлекетіне ерікті түрде қосылу талап етілді. Бірақ Хиуа ханы Мұхамед Рахим II оның талабынан бас тартып, қорғанысқа белсенді дайындалды.

Хиуа жорығы генерал фон Кауфманның жалпы қолбасшылық етуімен 12 журналист, фотограф, су-ретші-өрнекшілер, топографтар, со-ның ішінде «Нью-Йорк» таймостың Макгахан бүркеншік атымен арнайы тілшісі, «Рижский вестник» газетінің тілшісі, Ресей тағының принцы Ұлы мәртебелі Евгений Максимович Романов болды. Одан басқа, «Екатерина ІІ» кораблінің капитаны Бутаков Арал теңізіне, Қоңыратқа, өз барлаушыларын Хиуа хандығының әскери-саяси сипаттамасы туралы мәліметтер жинау үшін жіберді. Оған Сыздық Сұлтан мен Телқожа Атығай ұлының Хиуа хаңдығындағы әскери-саяси және қоғамдық қызметі жақсы белгілі болатын, жорық ерте, ыстық жағдайында, ҚараҚұмдағы шөлде өтті. Атап өту керек, егер сауда керуені бейбіт кезеңде Ташкенттен Хиуаға дейін жолдан 15-17 күн ішінде өтсе, онда орыстар бұл жолдан өтуге 100 күннен астамын жұмсады.

Сұлтан Сыздықпен Телқожаның жігіттері бұл орындар мен орыс әскері қозғалатын барлық құдықтардың орналасуын өте жақсы білді. Олар алдын ала жабылды немесе қалқаланды. Міне, неліктен патша әскерлері жаңадан 60 құдықтай қазуға мөжбүр болды, бұған көп уақыт пен күш жұмсалды.

Қарсыласқа солдаттарды, жылқыларды, түйелерді қоректендірудің сәті түскен кезде, Телқожаның жігіттері оларға тұтқиылдан шабуыл жасайтын. Соның өзімен олар әскердің Хиуа хандығына жақын қозғалуын созды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.А.Хидоятов «моя родная история» монографиясында: «Көп санды ұзақ топтар орыс әскерлеріне шабуыл жасап, оларға едәуір шығын келтірді. Хиуалықтардың қарсыласуы Хорезм оазисі мен Әмудария жағасына жақындай түскен сайын өсті». («Моя родная история» Т. 1992, 260 бет) деп жазды.

Патша үкіметі Хиуа хандығына қатыгездікпен өшікті. Оған ең үлкен контрибуция – 2 млн. 200 мың алтын сомасы салынды. Хандықтан түркістан генерал – губернаторына Әмударияның оң жақ жағалауының бәрі өтті. Бұл Хорезм фазисіндегі барлық халықтың кедейленуіне алып келді.

Хиуа хандығы қорғанысының нағыз батырлары Матмурат девонбеги, Юсуф махрам, Құттымұрат мыңбасы тұтқыңдалды. Сыздық пен Телқожаға қашып кетудің сәті түсті. Олар заңнан тыс, яғни мемлекеттік қылмыскер деп жарияланды. Олардың бастарына Кауфман жоғары баға тағайындады…

Сұлтан Сыздық пен Телқожа ҚараҚұмға кетті. Алдымен Чарджойға, одан соң Марыға, Түркімен ханы Ковшут оларды қуанышпен қарсы алды.

Жыл бойы олар Марыда өмір сүрді. Ковшут оларды Бұхараға жорық ұйымдастыруға әрекет жасады. Біздің батырлар Әл-Бұхари, Нақшбаңди, Шейбанидтер мен Тимуридтер мұсылмандармен соғысудан бас тартты.

Телқожа, Чарджоу облысындағы Дарған атаға таяу ауылда қалды, Сыздық Сұлтан Гератқа жетті, одан соң Қашқарға барды. Ол қайда болмасын жат жұрттық басқыншыларға қарсы соғысқа қатысты. Қашқарда Қытай әскеріне қарсы шайқаста жүріп, Сыздық өз отрядын қоршаудан шығарып алды. Ол оң қолынан ауыр жарақат алды. Жарақат ауыр еді, оған кесу қатері төнді. Сұлтан Сыздық өзінің барлық қызметі мыңызын жоғалтқанын түсініп, Түркістан генерал-губернаторы Кауфманға, еліне оралып, стационарлық госпиталда өз жарақатын емдетуге рұқсат етуіне өтініш жасады. Кауфман Сыздық Сұлтан бойынан қолбасшы, білікті басшыны көрді, ол Орта Азия мен шығыс Түркістанда халықтың арасында үлкен беделге ие болды. Өз кезегінде ол орыс патшасы Александр ІІ-ге біздің кейіпкерімізді көшіруді сүрады және өз кезеңінің әскери басшысы екенін жан-жакты жазды. Александр II өз жарлығымен рақымшылық жариялады. Кауфман Сыздық Сұлтанды Ферғанада қабылдады, онда тәжірбиелі дөрігерлердің көмегімен оның жаралы қолы жазылды. Оған сондай-ақ Бұхарада түратын, шығуға қүқығы жоқ отбасымен бірігуге де көмектесті. Сыздық туған жеріне, Шыментте түратын ағасы Ахмет Кенесаринге оралды. Сұлтанды туыстары, серіктері, жерлестері қуанышпен қарсы алды. Орыс газеттері хабарлағандай, Сұлтанның оралуын тұтастай бір апта атап өтті. Архив деректері, тек келген күннің өзінде ғана туыстары барын санамай ақша, азық-түлік, заттар, 500-ден астам қой әкелді. Ол барлығына ашық-жарқын болды, серіктері мен кедейлерге қомақты көмек жасады.

ТЕЛҚОЖА САРЫБИ БОЛЫСЫНЫҢ ӘМУДАРИЯ БӨЛІМІНІҢ ӘКІМІ

Сыздық Кенесарин сияқты. Телқожа да мемлекеттік қылмыскер деп жарияланды. Сыздық Гератқа кеткенде, Телқожа өзінің жасы кіші ұлы Арсланбек пен әйелі Айжамалды табам ба деген үмітпен Марыда қалды. Өкінішке орай, архивтерде ол отбасын тапқан, таппағандығы туралы мәлімет әзірге табылған жоқ. Тек Ресей патшасы амнистия жасағаннан соң, Телқожа Сарыби болысының әкімі болғаны анықталды.

Сұлтан Сыздықтың жігіттеріне, соның ішінде Телқожаның атына берілген жерді Хиуа жорығынан соң орыстар кәмпескеледі. Тек бірнеше жыл өткен соң патша рахымшылығы жарияланғаннан кейін Телқожа Сарыби болысына оралды. Ол бірден халық арасында қайырымды, сауатты адам және жақсы қожайын ретінде танымал болды. 1894 жылы Телқожа Сарыби болысының басшысы болып тағайындалды. Мынадай сұрақ туады, неліктен бір кездері қауіпті қылмыскерді Түркістан генерал-губернаторлығының болыстығының біріне басшы етіп тағайындайды? Бәлкім, бүған өз себептері болған шығар: халық арасындағы беделі мен танымалдығы, жергілікті мекен мен жергілікті өмір жағдайларын жақсы білетіндіктен болар. Бұл мәселені зерттеуде, бізге тағы бір салмақты себепті анықаудың сәті түсті. Сыздық Сұлтанның туған ағасы – Ахмет Кенесарин Сырдария гиберниясының өкімшілігінде жиырма жылдан астам қызмет етті. Телқожаны Сарыбиге әкім етіп тағайындарда, оған басқа фамилия (Баяқов) мен төлқұжат бергені анықталып отыр. Әмудария бөлімі Қарақалпақстан Республикасының құрамына аумағына енген. 1873 жылдың ортасына дейін Хиуа хандығының құрамына енді. 1873 жылдан кейін олар күшпен алынып, Түркістан генерал-губарнаторлығының құрамына қосылды. Яғни Ресей империясының бөлігіне айналды. Әмудария бөлімі 15 болыстықтан түрды. Халқы (1908 жылғы санаққа сөйкес 215 мың адамды құрады. Негізінен ол қарақалпақтар (халықтың 45%), өзбектер (26%), қазақтар (20 %), түркмендер (5%) болды.

1874 жылы Әмудария бөліміне күштеп 500 оралдық казақтар отбасымен қоныстандырылды. Одан соң екінші топ та келді. Бұлар діни сенімі бойынша екі әдет-ғұрыптағылар болды. Барлық жер аударылғандар көші-қонда шектеулі болды. Олардың өмір сүруі үшін арнайы поселка салынды.

Жергілікті халық патша мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінде болды. Олардың жағдайы Хиуа хандығына қарағанда бәрі бір жақсы болды. Бұл қарақалпақтар мен қазақтардың хандық аумағынан Әмудария бөліміне көшіп-қону тасқынын тудырды.

Патша билігі бұрынғы дағдысымен қазақтар мен қарақалпақтар халықтарының көпшілігін көшпенді деп санады, ал, іс жүзінде олардың басым саны өлде қашан отырықшы өмір сүрді. Бөлім түрғындарының негізгі жүмысы ауыл шаруалығы мен мал шаруалығы болатын. Жергілікті халық суармалы егіншілікпен айналысты. Бидай, көкеніс және мақта өсірді. Бидай мен мақтадан басқа егіншілер арпа, жүгері, сұлы, маш және күріш, сондай-ақ, күнжіт пен бүршақ, жоңышқа т.б. екті. Мал шаруалығы дамыды: қой, түйе және жылқы өсірілді.

Телқожа басшылық еткен кезде Сарыби болыстығы 26 ауылдан тұрды, ол ауылда аумағы және халқы бойынша орташа болды. Болыстықтың 15 мыңдай халқының басым бөлігін қазақтар құрады. Болыстықтың орталығы Сары ауылы болды.

Телқожа өзін білікті әрі қабілетті басшы ретінде танытты. Ол жергіліті халықтың қүрметін иелене алды, онын пікірімен жергілікті бастықтар да санасты. Параға бой үрмады. Ол өлген соң оның мүлкі 8 мыңдай сомға бағаланған. Заң шегінен шыққан биліктерге даушар айтудан қорыққан жоқ. Айталық, 1909 жылы жергілікті әкімшіліктің басшысы Мальцевпен дауласты. Дау-шиленістің себебі, болыстықтың тұрғыңдары суармалы жерлерді суару үшін бөлінген судың жеткіліксіз болуы еді, дау мұның пайдасына шешілген.

Телқожаның болыстық басқарма бастығы лауазымындағы қызметі – ол тек Сарбаз болып қана қоймай, сонымен бірге қабілетті әрі беделді басшы, қара халықтың қамын жеген өділ азамат екенін көрсетті. Халық қаһарманы атанған асыл ер 1916 жылы қызмет орнында қастандықпен қаза тапты.

Бұл тарихи баянның мәні неде?

Өткен ғасырларға тыныш, бейбіт өмір сүріп жатқан халқымызға басқыншылық жасағандармен қарсы қорғаныс соғыстарда елін, жерін қорғаған батыр бабаларымыздың қайшылыққа толы тағдырларына жан-жақты әділ баға беруге тәуелсіз ел болғаннан бастап қол жетті. Ұлттық азаттық үшін мұсылмандық намыс үшін жаумен алысқан қаһармандарымыздың ішінде Кенесарыұлы Сыздық Сұлтан мен Телқожа батырдың тағдырларында да қайшылықтар болды.

Біріншіден, бір атадан туған үш ұлдың бірі екі ағасынан бөлініп, жау жағына өткені, 1863 жылы Сауран жеріндегі қақтығыста ағасы Сыздық нөкерінің жағынан мерт болғаны пендешілік үшін қандай ауыр.Оған күйінудің орнына, ағасы Сыздықтың «итке – ит өлімі», – деп жиіркену адамзат тарихында кездесе бермейтін жағдай емес пе?

Бұл оқиға 1889 жылы патша әскери басшыларының нұсқауымен, Сырдария облысының санақ комитеттінің председателі генерал – майор Н.И.Грозеков мырзаның тапсыруымен, санақ комитетінің толық мүшесі Е.Т.Смирновтың жасап берген жоспарымен Ахмет Кенесариннің атымен Ташкен қаласында орыс тілінде шыққан «Султаны Кенесары и Сыздык» кітабында кісі аттары толық аталып баябндалған.

Орыстармен қорғану күрестен бас тартып, орта жолда патша жағына өтіп, оның қызметіне жегілген Ахметті де қазіргі күні айыптай аламыз ба?

Мүмкін оның көрегендігі деболған шығар?

Ал, Сыздық Сұлтан мен Телқожаның 10 жыл бойы жаумен алысуы, кешелік пе, әлде, өз елін, халқын қалай сүюдің өнегесі, қазақтың ержүрек халық екендігінің символы ма?

Патша кешірім берсе де Телқожаныңөз еліне оралмауы да мансап үшін емес, оның да өткен тағдырында туған елімен байланысты қайшылықтар да болғаны кәміл – ғой.

Қайткен күнде де, Телқожаның өлімі – шейіт. Көмескіленіп қалған осындай ерлердің есімдерін ерліктерін тарих қатпарларынан аршып алып бүгінгі, ертеңгі ұрпаққа жеткізу бәріміздің міндетіміз. Тәуелсіздігіміздің тарихындағы халық қаһармандары Сыздық пен Телқожаның есімдерін мәңгілікке қалдыруды – Оңтүстік Қазақстан облысы мен Түркістан қаласы әкімдері қолға алар деп ойлаймыз.

Нұрмахан НАЗАРОВ, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

Кәмелхан НУРДЖАНОВ, Халықаралық «Алтын мирас» қорының Хорезм облыстық филиалының төрағасы, «Авесто» музейінің директоры. Үргеніш. Өзбекстан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы