ШӨЛ ДАЛАДА АДАСҚАН БАЛА ТАБЫЛДЫ

570 көрілім

Түркістандық полицейлер шөл далада екі күн бойы адасып жүрген баланы тапты. Отырардағы Шәуілдір ауылының өзінің 1 топтағы мүгедек ұлын жоғалтып алған. Яғни ұлы шалғайда орналасқан мал жайылымдық алқаптағы үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, содан қайтып оралмаған.


Отырар АПБ қызметкерлері хабар алысымен жедел қимылдап, жеке құрам толық жұмылдырылды. Бұдан бөлек бұл құрамға еріктілер қосылып, жалпы 50 адамнан құралған топ баланы іздеуге кірісті. Полицейлер өзге де мал жайылымдық алқаптарды, Қызылорда облысы және Өзбекстан Республикасымен шектесетін құмды аймақтарға дейін түгел аралап шықты. Бала 2 күннен соң 20 шақырым қашықтықтағы шөл даладан табылды. Тәртіп сақшылары табылған ұлды аман-есен анасына табыстады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы