КӨРШІСІНІҢ СИЫРЫН СОЙЫП, ЕТІН САТЫП ЖІБЕРГЕН

477 көрілім

Полицейлер көршісінің сиырын сойып, етін сатып жіберген күдіктіні ұстады. Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Тұрғынның мал жайылымына өріске қосып жіберген сиыры үйіне келмеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер мал ұрлығын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетті. Қажетті шараларды жүзеге асырды. Тексеру барысында күдікті жас жігітке ақша керек болып, көршісінің сиырын жайылымнан жымқырып кеткені анықталған. Содан өзінің тұрғын үйінің қорасында сиырды сойып, етін Түркістан қаласының базарына апарып, 150 000 теңгеге сатып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондай-ақ мал ұстайтын аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайды болдырмас үшін малдарды құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы