Бүгін, Түркістан қаласының орталық кітапханасының мәжіліс залында осы жылдың 5 маусымында өткелі отырған Конституциялық референдумды ақпараттық-түсіндіру және референдумда қаралатын мәселелерді айту мақсатында көпбалалы аналармен кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық штаб мүшесі Бақытжан Жармаханұлы қатысып, референдумға байланысты өзінің пікірін айтып, көп балалы аналармен ашық сұхбат құрды. Жиналысқа кітапхана ұжымы мен бақ өкілдері де қатысты.

“Бүгінгі кездесудің басты мақсаты алдымызда келе жатқан республикалық референдум туралы болмақ. Референдум дегеніміз мемлекетке, халыққа, қоғамға қажетті ең өзекті мәселелерде халықтың өз ойын білдіру арқылы, шешім қабылдау болып табылады. Бізде Қазақстанда рефендум екінші рет өткелі жатыр. Президентіміз өзінің жолдауында елімізде көптеген өзгерістер болу үшін, жаңа заман талабына сай, бет бұрыс жасауға 10 бағытта жұмыс жасау керектігін айқындап берді. Біздің еліміз үлкен өзгеріске ұшырау үшін, ең алдымен өзгерістерді Ата Заңымыздан бастау керектігін басшымыз айтты. Дәл қазіргі сәтте біздің елімізге, халқымызға керек деген 33 заңға өзгерістер еніп отыр. Мұндай тарихта болмаған, біздің президентіміз супер президенттік басқару билігінен бас тартып отыр. Бұл дегеніміз президент бұдан бұлай, сол лауазымына екі реттен артық сайлана алмайды. Екіншіден президент қызмет бабында ешқандай саяси партияның мүшесі болмайды. Бұл еліміздегі барлық партиялардың терезесі тең болады деген сөз”, деді өз сөзінде Бақытжан Бейсембаев.

Сонымен қатар, Бақытжан Бейсембаев кездесуде Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттарын түсіндірді. Жиынға қатысушырды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, Республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.

“Халықты қолдап отырған рефендум дұрыс деп ойлаймын, барлығымызға жақсылығымен келсін. Жалпы айтатын болсам, менің түсінгенімше рефендумда қаралатын, өзгеретін заңдар тікелей халыққа тиімді. Барлық сайланатын басшыларды енді халық таңдайды, маған жаңа өзгерістер ұнады. Барлығыңызды референдумды қолдауға шақырамын. Жиынға келген көп балалы аналар еліміздің өміріндегі күрделі өзгерістерді бірауыздан қолдайды”, деді көп балалы ана Роза Қиқымбаева.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.