БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

810 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл барлығымыз үшін үлкен қуаныш, зор мерей. Себебі, балалар – біздің бақытымыз. Сондықтан да биыл елімізде атаулы жылға орай қаншама іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұлардың барлығы да балаларымыздың бақытты балалық шақтары үшін, олардың терең білім алуымен қатар, өнерге, спортқа талпынулары үшін жасалынып жатыр.
Қалалық адами әлеуметті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты оқушылардың қалалық ән байқауы да балғындардың өнерлерін дамытуға, шын талантты тануға, ынталандыруға бағытталды. Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектебінде өткен байқауға қаламыздағы мектептерден 26 оқушы қатысып, екі кезең бойынша өнерлерін көрсетті. Бірі-бірінен оза шапқан жас өнерпаздар сахна көркін келтірді. Нәтижесінде 5-7 сынып оқушылары арасында Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Сәбит Елмұрат жеңімпаз атанса, 8-11 сынып оқушылары арасында Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Аянат Исмагамбетова бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, басқа да жүлделі орындар белгіленіп, қатысушылар тиісінше марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы