Бүгін Түркістан қаласындағы “Farab” облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Гүлфайруз Ғинаятқызының жиырма томдық жинағының тұсауы кесілді. Кешті филология ғылымдарының кандидаты профессор, ҚР Композиторлар Одағының құрметті мүшесі, сазгер, ғалым Бекжігіт Сердәлі жүргізді.

Шараға арнайы келген А.Тұрғанбаев, Ө.Абдулхадыр, К.Беркінбаев, С.Бейсембаева, А.Серім және тағы да басқа құрметті қонақтар арнайы құттықтау сөз сөйлеп, Гүлфайруз Ғинаятқызына ізгі тілектерін жаудырды. Сонымен қатар, бүгінгі кездесуге арқау болған кітаптардың тұсауы кесілді.
